https://sputnik.kz/20240306/almatyda-zher-silkinisinen-keyin-birneshe-universitet-pen-zhataqkhanalarga-zaqym-kelgen-42711157.html
Алматыда жер сілкінісінен кейін бірнеше университет пен жатақханаларға зақым келген
Алматыда жер сілкінісінен кейін бірнеше университет пен жатақханаларға зақым келген
Sputnik Қазақстан
Жер сілкінген күні барлық студент аудиториялардан шығарылып, сабақ тоқтатылған 06.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-06T12:53+0500
2024-03-06T12:53+0500
2024-03-06T12:53+0500
алматы
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32409334_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_191efad5ed9f59253e9ea3aa4bf9cb5a.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісінен кейін зақым келген оқу ордалары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, жер сілкінісінің салдарынан бірнеше университет пен жатақханаларда қабырғалар жарылып кеткен.Ол жер сілкінген күні барлық студент бірден университеттерден шығарылып, сабақ тоқтатылғанын атап өтті. Сонымен қатар, сол күні өтіп жатқан ҰБТ да тоқтатылып, басқа күнге ауыстырылған."Барлық студентті жатақханаға жібердік, жатақханада қазір арнайы күзет ұйымдастырылды. Біздің проректорларымыз кезек-кезекпен жатақханаларды аралап жүр. Қажетті шаралардың бәрі қолға алынды", деп сендірді ведомство басшысы.Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыз күні Алматыда бес балдық жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіде зақым келген ғимараттардың фото-видеосы тарады. Бір адам зардап шеккен.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32409334_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_a061a7485a6c3ea7d7460d43b5a3c35f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жер сілкінісі
Алматыда жер сілкінісінен кейін бірнеше университет пен жатақханаларға зақым келген
Жер сілкінген күні барлық студент аудиториялардан шығарылып, сабақ тоқтатылған
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісінен кейін зақым келген оқу ордалары туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, жер сілкінісінің салдарынан бірнеше университет пен жатақханаларда қабырғалар жарылып кеткен.
"Айта кетсек, Әл-Фараби атындағы ұлттық университетте, Абай ұлттық университетінде, қыздар университетінде және бірнеше жатақханамызда кішігірім проблемалар болды. Біз әкімдіктен арнайы мамандар мен тәуелсіз сарапшыларды шақырып, ғимараттарды араладық. Үлкен жүйелік құрылымдық өзгерістер болған жоқ. Сондықтан өз күшімізбен жөндеу жұмыстарын жалғастырамыз", - деді Саясат Нұрбек мәжіліс кулуарында.
Ол жер сілкінген күні барлық студент бірден университеттерден шығарылып, сабақ тоқтатылғанын атап өтті. Сонымен қатар, сол күні өтіп жатқан ҰБТ да тоқтатылып, басқа күнге ауыстырылған.
"Барлық студентті жатақханаға жібердік, жатақханада қазір арнайы күзет ұйымдастырылды. Біздің проректорларымыз кезек-кезекпен жатақханаларды аралап жүр. Қажетті шаралардың бәрі қолға алынды", деп сендірді ведомство басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыз күні Алматыда бес балдық жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіде зақым келген ғимараттардың фото-видеосы тарады. Бір адам зардап шеккен.