https://sputnik.kz/20240305/zhambyl-oblysynda-qangygan-itter-talagan-eki-adam-aurukhanaga-tusti-42673304.html
Жамбыл облысында қаңғыған иттер талаған екі адам ауруханаға түсті
Жамбыл облысында қаңғыған иттер талаған екі адам ауруханаға түсті
Sputnik Қазақстан
Облыста биыл екі жарым мыңнан астам иесіз ит ауланыпты 05.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-05T08:58+0500
2024-03-05T08:58+0500
2024-03-05T08:58+0500
қаңғыған иттер
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1e/31588547_0:277:1280:997_1920x0_80_0_0_be42d45e55011230d8eeefe1d68d0595.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында иесіз иттердің тұрғындарға шабуылы жиіледі. Демалыс күндері қаңғыған иттер талап тастаған екі адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды КТК.Айша бибі ауылы маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар 20 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызды иттер талап жатқан жерінен құтқарып қалды. Олар бір топ иттен жанұшыра қашқан қызды көріп көмекке ұмтылыпты. Ал кеше қала маңындағы Барысхан алқабында мектеп оқушысын қаңғыған иттер қапқан. Жеткіншекті көршілері құтқарып қалған. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Ал облыстық ветеринария басқармасы иттер шабуылдаған екі аймаққа да арнайы бригада жіберіліп, жүзге жуық иттің көзін жойдық дейді. Биыл жедел желіге мамандардан көмек сұраған мыңға жуық қоңырау түскен. Облыста биыл екі жарым мыңнан астам иесіз ит ауланыпты."Тек қаңғыбас ит қана емес, жер үйдегілердің де иті бар. Егесі бар иттер. Көбінесе байланбайды. Қалай болса солай ұстағаннан кейін осындай иттер көбейіп жатыр. Салыстырмалы түрде алып көрсек, зардап шеккен адамдардың жартысынан көбісін иесі бар ит талаған", - дейді Жамбыл облысы ветеринария станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабит Кебеев.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1e/31588547_0:157:1280:1117_1920x0_80_0_0_5e4d2b7d9f0d1d3d2b10b92d97e5dbc9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңғыған иттер, жамбыл облысы
қаңғыған иттер, жамбыл облысы
Жамбыл облысында қаңғыған иттер талаған екі адам ауруханаға түсті
Облыста биыл екі жарым мыңнан астам иесіз ит ауланыпты
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында иесіз иттердің тұрғындарға шабуылы жиіледі. Демалыс күндері қаңғыған иттер талап тастаған екі адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды
КТК. Айша бибі ауылы маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар 20 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызды иттер талап жатқан жерінен құтқарып қалды. Олар бір топ иттен жанұшыра қашқан қызды көріп көмекке ұмтылыпты. Ал кеше қала маңындағы Барысхан алқабында мектеп оқушысын қаңғыған иттер қапқан. Жеткіншекті көршілері құтқарып қалған. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.
Ал облыстық ветеринария басқармасы иттер шабуылдаған екі аймаққа да арнайы бригада жіберіліп, жүзге жуық иттің көзін жойдық дейді. Биыл жедел желіге мамандардан көмек сұраған мыңға жуық қоңырау түскен. Облыста биыл екі жарым мыңнан астам иесіз ит ауланыпты.
"Тек қаңғыбас ит қана емес, жер үйдегілердің де иті бар. Егесі бар иттер. Көбінесе байланбайды. Қалай болса солай ұстағаннан кейін осындай иттер көбейіп жатыр. Салыстырмалы түрде алып көрсек, зардап шеккен адамдардың жартысынан көбісін иесі бар ит талаған", - дейді Жамбыл облысы ветеринария станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабит Кебеев.