Қазақстан селитрасы алғаш рет Батуми портынан экспортқа жөнелтілді – "ҚазТрансОйл"

© Photo : Пресс-служба АО "КазТрансОйл""Батуми теңіз порты" ЖШҚ алғаш рет қазақстандық аммиак селитрасын жөнелтті
Батуми теңіз порты ЖШҚ алғаш рет қазақстандық аммиак селитрасын жөнелтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Жазылу
Жыл соңына дейін қазақстандық компания Ақтаудан Батуми портына 50 мың тоннадан астам аммиак селитрасын жөнелтуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. "Қазтрансойл" АҚ еншілес кәсіпорны алғаш рет әлемдік нарықтарға жеткізу үшін қазақстандық аммиак селитрасын ауыстырып тиеу жұмысын бастады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Батуми теңіз порты" ЖШҚ алғаш рет бір кеме – 3 мың тонна көлемінде қазақстандық аммиак селитрасын жөнелтті", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін жүктер Ақтау портынан Ховсан портына (Әзербайжан) қарай жөнелтіліп, одан әрі Батуми теңіз портында (Грузия) ауыстырылып тиеліп, тауар әлемдік нарықтарға әрі қарай экспортқа жөнелтілді.

Минералды тыңайтқышты жөнелтуші – "ҚазАзот" АҚ. 2024 жылдың соңына дейін өндіруші Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Батуми портына 50 мың тоннадан астам көлемде аммиак селитрасын жөнелтуді жоспарлап отыр.

"ҚазТрансОйл" АҚ "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ (БМТ) арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады. БМТ "Батуми теңіз порты" ЖШҚ-ның 100% үлесін басқаруға айрықша құқықтарға ие.
Казтрансойл - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2024
"ҚазТрансОйл" былтыр Германияға 1 млн тоннаға жуық жеткізді
Жаңалықтар
0