https://sputnik.kz/20240305/ondeu-onerkasibindegi-zhana-zhobalarga-salyqtyq-zhenildikter-beriledi-42678497.html
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларға салықтық жеңілдіктер беріледі
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларға салықтық жеңілдіктер беріледі
Sputnik Қазақстан
Салық есептілігін 30%-ке, ал төлемдерді 20%-ке қысқарту жоспарлануда 05.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-05T14:32+0500
2024-03-05T14:32+0500
2024-03-05T14:32+0500
салық
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893983_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_6c6650b3f0f4e781b7c437920c36fb29.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Жаңа Салық кодексінің аясында Қазақстанда толығымен салық төлеушіге бағытталған сервистік әкімшілендіру моделі енгізіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді. Салық төлеушіге тіркелуден бастап есептен шығарылуға дейін фискалдық көмек көрсетілетін болады. Қарызды өндіріп алу кезінде шоттарды арестке қою тетігі қайта қаралады. Салық есептілігін 30%-ке, ал төлемдерді 20%-ке қысқарту жоспарлануда. Сонымен бірге ынталандырушы және тиімді жеңілдіктер сақталады.Қазір Қазақстанда инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер берудің түрлі режимдері қолданылады. Рәсімдерді оңтайландыру үшін жаңа Салық кодексінің шеңберінде инвестициялар көлеміне, өндірістік процестердің күрделілігіне және түпкілікті өнімдердің өзіндік өндірісін дамыту үшін маңызы бар өзге де факторларға байланысты сараланған тәсілді ескере отырып, жеңілдіктердің "бір топтамасын" беру жолымен ұсынылатын преференцияларды біріздендіру қаралады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893983_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_b6dfbb4b20fcf81071e7c634e2825f41.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, өндіріс
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларға салықтық жеңілдіктер беріледі
Салық есептілігін 30%-ке, ал төлемдерді 20%-ке қысқарту жоспарлануда
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Жаңа Салық кодексінің аясында Қазақстанда толығымен салық төлеушіге бағытталған сервистік әкімшілендіру моделі енгізіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.
Салық төлеушіге тіркелуден бастап есептен шығарылуға дейін фискалдық көмек көрсетілетін болады. Қарызды өндіріп алу кезінде шоттарды арестке қою тетігі қайта қаралады. Салық есептілігін 30%-ке, ал төлемдерді 20%-ке қысқарту жоспарлануда. Сонымен бірге ынталандырушы және тиімді жеңілдіктер сақталады.
"Мәселен, тауарлардың тізбесін оңтайландырып, есепке жатқызу әдісімен импортқа ҚҚС төлеу тәртібі сақталады. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Осылайша, қолданыстағы ынталандыруларды сақтай отырып, кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа шаралары қабылданады", — деді Байбазаров.
Қазір Қазақстанда инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер берудің түрлі режимдері қолданылады. Рәсімдерді оңтайландыру үшін жаңа Салық кодексінің шеңберінде инвестициялар көлеміне, өндірістік процестердің күрделілігіне және түпкілікті өнімдердің өзіндік өндірісін дамыту үшін маңызы бар өзге де факторларға байланысты сараланған тәсілді ескере отырып, жеңілдіктердің "бір топтамасын" беру жолымен ұсынылатын преференцияларды біріздендіру қаралады.