Маңғыстауда нашақорлар жиі қолданатын дәрі рецептсіз сатылып келген

© Sputnik / Абзал КалиевМужчина в маске покупает лекарства в аптеке
Мужчина в маске покупает лекарства в аптеке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысы прокуратурасы дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату кезінде заңның сақталуына талдау жүргізді.
Нәтижесінде тиісті лицензиясысы жоқ дәріхана қызметін жүзеге асыру фактісі, сондай-ақ мерзімі өткен дәріні сақтау және "Тропикамид" дәрісін үлкен көлемде (45 мыңнан астам қаптама, бұл облыс бойынша 55%) рецептсіз сату деректері анықталды.
Тропикамид — адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін, есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфориялық реакция алуға мүмкіндік беретін препарат.
Осыған орай, облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесімен дәріхананың иесі ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі және 426-бабының 1, 3-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылды.
Бұл ретте сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды.
Жаңалықтар
0