https://sputnik.kz/20240305/kommunaldyq-tolemge-zhenildik-aluga-bolady-42698511.html
Коммуналдық төлемге жеңілдік алуға болады
Коммуналдық төлемге жеңілдік алуға болады
Sputnik Қазақстан
Ондай өтемақы әлеуметтік осал топтарға төленеді 05.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-05T18:45+0500
2024-03-05T18:45+0500
2024-03-05T18:45+0500
коммуналдық қызмет
өтемақы
https://sputnik.kz/img/1282/38/12823826_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_2687e8656f6e90a03ca24ed9378fdf5f.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Биылдан бастап коммуналдық қызметтердің бағасы күрт өсті. Тіпті, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта тарифті көтеру жағынан бәрінен озды. Дегенмен заң бойынша коммуналдық қызметтер бойынша өтемақы алуға болады. Sputnik Қазақстан өтемақы алудың негізгі шарттарын ұсынады.Тұрғын үй көмегі тоқтатылдыБұған дейін халықтың басым бөлігі коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдік алуға құқылы болған. Ал тұрғын үй көмегі ақшаның жартысын үнемдеуге мүмкіндік берді.Осыдан он төрт жыл бұрын үкімет тұрғын үй көмегін көрсету туралы ережені бекіткен болатын. Онда көмек көрсетудің нақты тәртібі жазылған. Тұрғын үй көмегі – бұл коммуналдық қызметтердің бір бөлігін жабуға арналған төлем.Ондай көмекті алудың нақты шарттары да болды. Олар:Бірақ биыл 29 қаңтардан бастап үкімет қаулысымен тұрғын үй көмегін көрсету туралы ереженің күші жойылды.Әкімдіктер өтемақы төлейдіТұрғын үй көмегі жойылса да, қымбаттаған коммуналдық қызметтер бойынша өтемақы алуға болады. Мәселен, Алматы қаласында былтырдан бері коммуналдық қызметтердің баға айырмашылығы өтеледі. Ондай өтемақы әлеуметтік осал топтарға төленеді. Олар:ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;Былтыр өтемақыны 133 мың адам алды. Оларға барлығы 1,4 млрд теңге төленді. Биыл Алматыда коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге 4,1 млрд теңге бөлініп отыр.Өтемақыны мөлшері қандайБылтыр Алматыда өтемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің жартысын – 1725 теңгені құрады. Ал қараша айында 2070 теңгеге дейін өсті.Биыл наурыз айынан бастап электр энергиясы қымбаттады. Осыған байланысы өтемақыны 2 769 теңгеге дейін көтеруге шешім қабылданып отыр.Өтемақыны алу үшін өтініш жіберу керек. Оны кемінде 6 жұмыс күн қарайды. Өтініш мақұлданса, өтемқаны арыз берушінің банктегі есепшотына түседі.Өтемақыны қалай рәсімдейдіӨтемақыны рәсімдеу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе әлеуметтік қызметтер үйіне бару керек. Ал мүгедектер egov.kz электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.Электронды үкімет порталында "Әлеуметтік қамсыздандыру" бөлімінде "Отбасыларға көмек" бөліміне өту керек, одан кейін "Жергілікті өкілді органға мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" қызметін таңдау қажет.Қазақстанда ондай жеңілдік алуға құқылы азаматтардың саны бір миллион адамнан асады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1282/38/12823826_500:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_176249d33546b28868e74d9943c9430a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коммуналдық қызмет, өтемақы
коммуналдық қызмет, өтемақы
Коммуналдық төлемге жеңілдік алуға болады
Ондай өтемақы әлеуметтік осал топтарға төленеді
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Биылдан бастап коммуналдық қызметтердің бағасы күрт өсті. Тіпті, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта тарифті көтеру жағынан бәрінен озды. Дегенмен заң бойынша коммуналдық қызметтер бойынша өтемақы алуға болады. Sputnik Қазақстан өтемақы алудың негізгі шарттарын ұсынады.
Тұрғын үй көмегі тоқтатылды
Бұған дейін халықтың басым бөлігі коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдік алуға құқылы болған. Ал тұрғын үй көмегі ақшаның жартысын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Осыдан он төрт жыл бұрын үкімет тұрғын үй көмегін көрсету туралы ережені бекіткен болатын. Онда көмек көрсетудің нақты тәртібі жазылған. Тұрғын үй көмегі – бұл коммуналдық қызметтердің бір бөлігін жабуға арналған төлем.
Ондай көмекті алудың нақты шарттары да болды. Олар:
Отбасының адам басына шаққандағы ай сайынғы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2024 жылы – 43 407 теңгеден) аспауға тиіс;
Отбасында жекеменшік немесе жалға алған бір ғана пәтер болуы керек;
Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуде тұру керек.
Бірақ биыл 29 қаңтардан бастап үкімет қаулысымен тұрғын үй көмегін көрсету туралы ереженің күші жойылды.
Әкімдіктер өтемақы төлейді
Тұрғын үй көмегі жойылса да, қымбаттаған коммуналдық қызметтер бойынша өтемақы алуға болады. Мәселен, Алматы қаласында былтырдан бері коммуналдық қызметтердің баға айырмашылығы өтеледі. Ондай өтемақы әлеуметтік осал топтарға төленеді. Олар:
ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
1.
I және II топ мүгедектері;
5.
мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
7.
ауыр созылмалы ауруы бар азаматтар;
8.
мемлекеттік және қоғамдық міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары.
Былтыр өтемақыны 133 мың адам алды. Оларға барлығы 1,4 млрд теңге төленді. Биыл Алматыда коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге 4,1 млрд теңге бөлініп отыр.
Былтыр Алматыда өтемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің жартысын – 1725 теңгені құрады. Ал қараша айында 2070 теңгеге дейін өсті.
Биыл наурыз айынан бастап электр энергиясы қымбаттады. Осыған байланысы өтемақыны 2 769 теңгеге дейін көтеруге шешім қабылданып отыр.
Өтемақыны алу үшін өтініш жіберу керек. Оны кемінде 6 жұмыс күн қарайды. Өтініш мақұлданса, өтемқаны арыз берушінің банктегі есепшотына түседі.
Өтемақыны қалай рәсімдейді
Өтемақыны рәсімдеу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе әлеуметтік қызметтер үйіне бару керек. Ал мүгедектер egov.kz электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
Электронды үкімет порталында "Әлеуметтік қамсыздандыру" бөлімінде "Отбасыларға көмек" бөліміне өту керек, одан кейін "Жергілікті өкілді органға мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" қызметін таңдау қажет.
Қазақстанда ондай жеңілдік алуға құқылы азаматтардың саны бір миллион адамнан асады.