Астанада 8 наурыз мерекесіне орай 34 мың әйел адамға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 наурыз - Sputnik. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 34 мыңға жуық көпбалалы аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жергілікті бюджеттен Астана қаласының көп балалы отбасыларына, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Төлем Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға жүргізіледі.
Жаңалықтар
0