https://sputnik.kz/20240305/almatyda-zher-silkinisinen-keyin-zaqym-kelgen-gimarattardy-izdep-zhatyr--42676112.html
Алматыда жер сілкінісінен кейін зақым келген ғимараттарды іздеп жатыр
Алматыда жер сілкінісінен кейін зақым келген ғимараттарды іздеп жатыр
Sputnik Қазақстан
Зақым келген ғимараттар туралы 156 өтініш түскен 05.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-05T11:01+0500
2024-03-05T11:01+0500
2024-03-05T11:01+0500
алматы
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/437/80/4378071_0:177:3015:1873_1920x0_80_0_0_ffd05779d2876b286522eab33068858b.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы әкімдігімен бірлесіп қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, республикалық және өңірлік жедел штабтар ашылып, азаматтарды қабылдайтын 384 пункт ұйымдастырылды. Тәулік бойы "Жедел желі" жұмыс істеп жатыр.Сонымен қатар, министрліктің әуе кемесімен сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізілді. Алгоритмге сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды."Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ететін объекті штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деді ТЖ министрі.Әрінов жер сілкінісін кез-келген төтенше жағдай сияқты алдын-ала болжау мүмкін емес екенін атап өтті. Осыған байланысты министрлік олардың алдын алу және халықты бірінші кезектегі әрекеттерге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде."20 ақпаннан бастап Алматыда азаматтарды төтенше жағдайларға даярлау үшін министрлік бастықтары қатарынан жедел топ жұмыс істейді. Осы қысқа мерзім ішінде, жер сілкінісі кезіндегі азаматтардың іс-қимылдары туралы ауқымды ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ол өз нәтижесін көрсетті. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге ұшыраған жоқ", - дейді ол.Сондай-ақ кеше, ТЖ министрінің бұйрығымен, халықты оқыту және жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттерді пысықтау үшін қосымша Алматыға Ұзынағаштан әскери қызметкерлер жіберілген."Қазіргі уақытта ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты. Министрлікпен профилактикалық жұмыстар жалғасады", - деді Әрінов.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/437/80/4378071_143:0:2874:2048_1920x0_80_0_0_4b324fd0764c4989770fdb39d4b9a893.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жер сілкінісі
Алматыда жер сілкінісінен кейін зақым келген ғимараттарды іздеп жатыр
Зақым келген ғимараттар туралы 156 өтініш түскен
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы әкімдігімен бірлесіп қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, республикалық және өңірлік жедел штабтар ашылып, азаматтарды қабылдайтын 384 пункт ұйымдастырылды. Тәулік бойы "Жедел желі" жұмыс істеп жатыр.
"Кеше қабылдау пункттерінде үш мыңға жуық адам орналасты, оның ішінде 906 бала. Әкімдікпен қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жалғасуда (қираған туралы 156 өтініш түсті)", - деді Әрінов үкімет отырысында.
Сонымен қатар, министрліктің әуе кемесімен сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізілді. Алгоритмге сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды.
"Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ететін объекті штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деді ТЖ министрі.
Әрінов жер сілкінісін кез-келген төтенше жағдай сияқты алдын-ала болжау мүмкін емес екенін атап өтті. Осыған байланысты министрлік олардың алдын алу және халықты бірінші кезектегі әрекеттерге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.
"20 ақпаннан бастап Алматыда азаматтарды төтенше жағдайларға даярлау үшін министрлік бастықтары қатарынан жедел топ жұмыс істейді. Осы қысқа мерзім ішінде, жер сілкінісі кезіндегі азаматтардың іс-қимылдары туралы ауқымды ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ол өз нәтижесін көрсетті. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге ұшыраған жоқ", - дейді ол.
Сондай-ақ кеше, ТЖ министрінің бұйрығымен, халықты оқыту және жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттерді пысықтау үшін қосымша Алматыға Ұзынағаштан әскери қызметкерлер жіберілген.
"Қазіргі уақытта ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты. Министрлікпен профилактикалық жұмыстар жалғасады", - деді Әрінов.