Түркістан облысында тропикалық құс өсіріле бастады

© Sputnik/Ляля ЛиловаСтраусиная ферма
Страусиная ферма - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2024
Жазылу
Кәсіпкердің айтуынша, түйеқұстың бойы 2-3 метрге жетеді. Аталығының салмағы 140-150 келі болады. Әрбірі 100 келіге дейін ет береді
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Тропикалық аймақта мекендейтін түйеқұс енді Түркістан облысының Сайрам ауданында өсіріле бастады, деп хабарлайды 24kz.
Жергілікті шаруа 2 жыл бұрын түйеқұстың 2 балапанын сатып алып, бағып көрген. Көбейте аларында көзі жеткен соң былтыр мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, тағы 3 бас құс алыпты.
Манкент ауылының тұрғыны Санжарбек Болысовтың үйінде түйеқұстың бір жасар бес балапаны бар. Шаруа оларды қорада ұстайды. Күніне бір рет аулаға шығарып, сергітеді. Ал ауыл сыртындағы шағын шаруашалығында 4 бас аналық пен бір бас аталығын бағып отыр. Балапан кезінде күтімі жақсы болса, тез өседі. Әрі жергілікті ауа райына бейім, суыққа төзімді дейді.
"Өткен жылы 28-29 градус аязға дейін шыдады. Сол аязда осы жерде тұрды. Биыл 17-18 гардусқа дейін аяз көтерілді, жақсы. Ал ыстыққа шыдамды. Бізге жаңалық болып тұрғаны енді үйреніп жатырмыз. Қандай ерекшелігі бар, қандай қиындығы бар. Жолға қойып алсақ біз үшін қиын болмайды", - дейді кәсіпкер Санжарбек Болысов.
Кәсіпкердің айтуынша, түйеқұстың бойы 2-3 метрге жетеді. Аталығының салмағы 140-150 келі болады. Әрбірі 100 келіге дейін ет береді. Жергілікті мейрамханалар келісін 4 мың теңгеден алуға дайын дейді. Еті қан қысымы және қант диабетімен ауыратындар үшін тапсырмас ем. Ал терісін аяқ киім, сөмке жасауға пайдаланады. Түйеқұс 60-70 жыл өмір сүреді. Жылына 45-50-ге дейін жұмыртқалайды.
Санжарбектің ендігі арманы оны көбейтіп, ауылда, ауданда дамыту. Кәдімгі қой, жылқы баққандай халыққа үйрету. Келешекте әр үйде болса, экспортқа шығару.
йӨйткені бұның ішіндегі майы қымбат тұрады екен. Косметологияда, күйік шалған кезде пайдаланады екен. Жүз грамм майы 10 мың теңге тұрады. Кеше ғана біз біреуін бордақылап сойып көрдік, 3 литр май алдық. Ол өзінің 1 жыл жейтін жем-шөбінің ақшасын ақтайдый, - дейді кәсіпкер.
Өткен жылы Түркістан облысы бойынша 1688 азамат қайтарымсыз грант алған. Нәтижесінде 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылыпты. Биыл 1793 азаматқа грант беру жоспарланып отыр. АЕК көбеюіне байланысты тұрғындар биыл 1 млн 476 мың теңге көлемінде қаржы алады.
"Грант жалпы нысаналы топқа, оның ішінде аз қамтылған, мүгедектігі бар адамдар, мүгедек бала бағып отырған отбасылар және қандастарымыз секілді азаматтар ғана үміткер бола алады. Сонымен қатар 3 жылдан аспайтын кәсіпкерлігі бар азаматтар немесе жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелген азаматтар ғана осы негізде грант алуға мүмкіндігі бар", - дейді облыстық жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы Динара Бегалықызы.
Грантқа өтінім беру автоматты түрде база арқылы қабылданады. Мамандар биыл өндірістік шағын цехтарға, қызмет көрсету және ерекше жобаларға басымдық беріліп отырғанын айтады.
Жаңалықтар
0