Қошанов Мәскеуде Қазақстандағы маңызды өзгерістер туралы айтты

© PhotoМәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2024
Жазылу
Ол мәжіліс алғашқылардың бірі болып "Ұлттық қор – балаларға" заңын қабылдағанын атап өтті
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәскеуге сапары барысында Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.
Ерлан Қошанов әріптесіне мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы маңызды өзгерістер туралы айтты.
"Былтыр өткен конституциялық реформаға байланысты заңнамамызды айтарлықтай жаңарттық. Біз еліміздің конституциялық заңдарына бірқатар маңызды түзету енгіздік. Мәжіліс алғашқылардың бірі болып "Ұлттық қор – балаларға" заңын қабылдады. Ол заң қазір қолданыста. Жаңа Бюджет, Салық, Су, Құрылыс кодекстерімен жұмыс басталды", – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикері ресейлік сенаторларға күзде Санкт-Петербургте өтетін Төртінші Еуразиялық әйелдер форумына табыс тіледі.
Ал Валентина Матвиенко Қазақстан мен Ресей парламенттерін барлық мәселе бойынша берік достық пен өзара түсіністік байланыстыратынын атап өтті.
Федералдық жиналыс басшысы Қазақстан депутаттарының заңнамалық бастамаларына қолдау білдіріп, осы бағытта белсенді түрде тәжірибе алмасуды ұсынды.
Мәжіліс төрағасының ресми сапары одан әрі Қазан қаласында жалғасады. Онда Ерлан Қошанов Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Республика мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесулер өткізеді.
Ерлан Қошанов пен Вячеслав Володин   - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2024
Мәжіліс спикері мемлекеттік дума басшысын Қазақстанға шақырды
Жаңалықтар
0