https://sputnik.kz/20240304/ozbekstandyq-kompaniya-qazaqstannyn-ontustiginde-zauyt-ashudy-zhosparlap-otyr-42645071.html
Өзбекстандық компания Қазақстанның оңтүстігінде зауыт ашуды жоспарлап отыр
Өзбекстандық компания Қазақстанның оңтүстігінде зауыт ашуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Түркістан облысында "Бәйдібек ата" су қоймасы да салынады 04.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-04T10:49+0500
2024-03-04T10:49+0500
2024-03-04T10:49+0500
өңірлер
түркістан облысы
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e5/07/08/17556218_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_680a396d5d1ee9d97c11d10726f1a2a4.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Өзбекстандық компания Түркістан облысында заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.Бұл туралы су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітовтің Түркістан облысына сапары аясында белгілі болды.Сонымен қатар Нұржігітов Түркістан облысында "Бәйдібек ата" су қоймасы салынатынын мәлімдеді. Министрлік құрылысты осы жылдың соңына дейін бастауға ниетті.Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруалары "Қазсушар" мемлекеттік кәсіпорнын жетілдіру және стратегиялық маңызы бар нысандарды республикалық меншікке қайтару жөнінде ұсыныстар айтты."Мәселелердің негізгі бөлігі каналдар мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мен реконструкцияға қатысты екенін түсініп отырмын. Біздің министрлік ұзақ жылдар бойы жинақталған күрделі мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге ниетті. Вегетация маусымы басталғаннан кейін суару жұмысының барысымен танысу үшін Түркістан облысына тағы келемін", – деді Нұржігітов.
https://sputnik.kz/20240130/ministr-eldegi-su-qoymalaryn-zhondeuge-qansha-tenge-kerek-ekenin-aytty-41913526.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/08/17556218_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7b09cdb2307236d7c3cc2274acd161c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, зауыт
Өзбекстандық компания Қазақстанның оңтүстігінде зауыт ашуды жоспарлап отыр
Түркістан облысында "Бәйдібек ата" су қоймасы да салынады
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Өзбекстандық компания Түркістан облысында заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітовтің Түркістан облысына сапары аясында белгілі болды.
"Облыста суарудың үнемді жүйелерін дайындаумен және орнатумен айналысатын өзбекстандық OMAD Start компаниясының зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы шаруалармен кездесуге қатысқан кәсіпорын басшысы Шахобиддин Каромов мәлімдеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Нұржігітов Түркістан облысында "Бәйдібек ата" су қоймасы салынатынын мәлімдеді. Министрлік құрылысты осы жылдың соңына дейін бастауға ниетті.
Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруалары "Қазсушар" мемлекеттік кәсіпорнын жетілдіру және стратегиялық маңызы бар нысандарды республикалық меншікке қайтару жөнінде ұсыныстар айтты.
"Мәселелердің негізгі бөлігі каналдар мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мен реконструкцияға қатысты екенін түсініп отырмын. Біздің министрлік ұзақ жылдар бойы жинақталған күрделі мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге ниетті. Вегетация маусымы басталғаннан кейін суару жұмысының барысымен танысу үшін Түркістан облысына тағы келемін", – деді Нұржігітов.