Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Кремль неміс офицерлерінің Қырым көпірі туралы әңгімесіне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Mikhail Ozerskiy / Медиабанкке өтуМосковский Кремль зимой
Московский Кремль зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2024
Жазылу
Неміс бундесверінің жоғары лауазымды офицерлері "Қырым көпірін қалай бомбалайтындарын" талқылаған
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Песков неміс офицерлерінің Қырым көпірі туралы жарияланға әңгімесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.
Оның айтуынша, егер бұл мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болса, онда бұл жақсы емес.
"Неміс офицерлері арасындағы жарияланған әңгіменің мазмұны Батыстың Украина төңірегіндегі қақтығысқа тікелей қатысы бар екенін көрсетеді", - деді ол.
Песковтың айтуынша, Кремль Шольц уәде еткен неміс офицерлері арасындағы жарияланған әңгімеге қатысты тексерудің нәтижесін күтіп отыр.
Еске салсақ, жуықта "Россия сегодня" медиа тобының және RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян жұма күні Бундесвердің жоғары лауазымды өкілдерінің Қырым көпіріне "Тауыр" зымырандарымен жасалған шабуылды талқылап жатқан сұхбатының мәтінін жариялады.
Әңгімелесу 19 ақпанда өтті. Ол жерде неміс бундесверінің жоғары лауазымды офицерлері "Қырым көпірін қалай бомбалайтындарын" талқылаған.
Жаңалықтар
0