https://sputnik.kz/20240304/aqyly-zholda-buzylgan-kolikti-tegin-zhondetuge-bolady-42645221.html
Ақылы жолда бұзылған көлікті тегін жөндетуге болады
Ақылы жолда бұзылған көлікті тегін жөндетуге болады
Sputnik Қазақстан
Ал жол сапасына сай болмай, көлікке зақым келіп, не болмаса жол апаты болған жағайда барлық шығынды "ҚазАвтоЖол" өтеп беруге тиіс 04.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-04T11:17+0500
2024-03-04T11:17+0500
2024-03-04T11:17+0500
ақылы жол
көлік
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15846699_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_f6428e44b8e2c29a664e4398b220c62c.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ақылы жолда бұзылған көліктің осы жолды дұрыс күтіп ұстамауынан апатқа ұшырағаны дәлелденсе, барлық шығынды "ҚазАвтоЖол" компаниясы төлеп беруге міндетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 24.kz арнасына сілтеме жасап.Бүгінде қазақстандық көлік жүргізушілері күре жолдың әрбір шақырымы үшін ақша төлейді. Ал жол сапасына сай болмай, көлікке зақым келіп, не болмаса жол апаты болған жағайда барлық шығынды "ҚазАвтоЖол" өтеп беруге тиіс. Оны "Арнайы жоба" бағдарламасына сұхбат берген компаниның басқарма төрағасының орынбасары Сырым Хамзин де растап отыр."Егер көлік тазаланбаған жолдың салдарынан сынып, я болмаса, жол апатына ұшыраса, онда біз заң аясында жауап беруге міндеттіміз. Сотта толық дәлелденетін болса, шығынды өтеп беруге дайынбыз және міндеттіміз", - дейді Хамзин.Айта кетері, көлік министрлігі алдағы уақытта ақылы жолдардың тарифін көтеруді жоспарлап отыр. Министр Қарабаевтың айтуынша, жолдың сапасы жақсы болуы үшін оған күтім қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/19/15846699_748:0:2997:1687_1920x0_80_0_0_a345df7f2d256e0b41e63ab674d55d09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақылы жол, көлік
Ақылы жолда бұзылған көлікті тегін жөндетуге болады
Ал жол сапасына сай болмай, көлікке зақым келіп, не болмаса жол апаты болған жағайда барлық шығынды "ҚазАвтоЖол" өтеп беруге тиіс
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ақылы жолда бұзылған көліктің осы жолды дұрыс күтіп ұстамауынан апатқа ұшырағаны дәлелденсе, барлық шығынды "ҚазАвтоЖол" компаниясы төлеп беруге міндетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
24.kz арнасына сілтеме жасап.
Бүгінде қазақстандық көлік жүргізушілері күре жолдың әрбір шақырымы үшін ақша төлейді. Ал жол сапасына сай болмай, көлікке зақым келіп, не болмаса жол апаты болған жағайда барлық шығынды "ҚазАвтоЖол" өтеп беруге тиіс. Оны "Арнайы жоба" бағдарламасына сұхбат берген компаниның басқарма төрағасының орынбасары Сырым Хамзин де растап отыр.
"Егер көлік тазаланбаған жолдың салдарынан сынып, я болмаса, жол апатына ұшыраса, онда біз заң аясында жауап беруге міндеттіміз. Сотта толық дәлелденетін болса, шығынды өтеп беруге дайынбыз және міндеттіміз", - дейді Хамзин.
Айта кетері, көлік министрлігі алдағы уақытта ақылы жолдардың тарифін көтеруді жоспарлап отыр. Министр Қарабаевтың айтуынша, жолдың сапасы жақсы болуы үшін
оған күтім қажет.