https://sputnik.kz/20240304/almatyda-politsiya-kusheytilgen-rezhimde-zhumys-istep-zhatyr-42650331.html
Алматыда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Алматыда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Sputnik Қазақстан
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады 04.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-04T14:11+0500
2024-03-04T14:11+0500
2024-03-04T14:11+0500
полиция
алматы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19087378_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_73c43ee7cde5a8449436c5d00872b802.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етуде.Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Сонымен қатар тергеу-жедел топтар күшейтілді.Қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайына ерекше назар аударылып жатыр. Алматыда жедел және жол қозғалысы жағдайы тұрақты және бақылауда.Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының көбеюіне қарамастан, әдеттегідей бағдаршамның көмегімен жүзеге асырылады. Күрделі қозғалыс жағдайында қозғалыс қолмен басқаруға ауыстырылады.Жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды.Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.Сондай-ақ азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды ақпараттық мәдениеттілікке шақырады және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенуді ұсынады.Бүгін, 4 наурыз сағат 11:22-де Алматы тұрғындары 5 балдық жер сілкінісін сезді. Жұмыста отырған қызметкерлер үрейі қашып, дүрлігіп кетті. Бәрі көшеге жүгіріп шыққан.Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы афтершоктар қайталануы мүмкін екенін ескертті. Мамандар халықты сағат 16:00-ге дейін жиналу бекеттерінде болуға шақырады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19087378_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_ae1e172df31fb1ed50018f902f7d48c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алматы
Алматыда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етуде.
Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Сонымен қатар тергеу-жедел топтар күшейтілді.
Қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайына ерекше назар аударылып жатыр. Алматыда жедел және жол қозғалысы жағдайы тұрақты және бақылауда.
Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының көбеюіне қарамастан, әдеттегідей бағдаршамның көмегімен жүзеге асырылады. Күрделі қозғалыс жағдайында қозғалыс қолмен басқаруға ауыстырылады.
Жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сондай-ақ азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды ақпараттық мәдениеттілікке шақырады және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенуді ұсынады.
Бүгін, 4 наурыз сағат 11:22-де Алматы тұрғындары 5 балдық жер сілкінісін сезді. Жұмыста отырған қызметкерлер үрейі қашып, дүрлігіп кетті. Бәрі көшеге жүгіріп шыққан.
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы афтершоктар қайталануы мүмкін екенін ескертті. Мамандар халықты сағат 16:00-ге дейін жиналу бекеттерінде болуға шақырады.