Абай облысында 5 жыл іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2024
Жазылу
Ол төбелес кезінде адам өлтірді деген күдікке ілінген
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Абай облысында 5 жыл іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
2019 жылы Алматы қаласында қылмыс әлемінің серкелері жиналған. Сол кезде жанжал туындап, 40 жастағы қала тұрғынын атып кеткен. Оны өлтіргендердің біреуі қашып кетіп, бес жыл бойы полициядан жасырынып жүрген.
Биыл 27 ақпанда жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қылмыстық топтың мүшесі Үржар ауданында ұсталды. Одан "ТТ" әскери тапаншасы тәркіленді. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0