https://sputnik.kz/20240303/politsiyany-videoga-tusirgen-kolik-zhurgizushisi-qamaldy--sot-ony-aqtap-shygardy-42639737.html
Полицияны видеоға түсірген көлік жүргізушісі қамалды – сот оны ақтап шығарды
Полицияны видеоға түсірген көлік жүргізушісі қамалды – сот оны ақтап шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ақтөбе қаласында полицияны видеоға түсірген көлік жүргізушісін төрт күнге қамап тастады. Ал аппеляциялық алқа тәртіп сақшыларының... 03.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-03T16:32+0500
2024-03-03T16:32+0500
2024-03-03T17:35+0500
сот
https://sputnik.kz/img/old/1284/78/12847860_0:413:4608:3005_1920x0_80_0_0_c0d33075335634e1340939c716144147.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ақтөбе қаласында полицияны видеоға түсірген көлік жүргізушісін төрт күнге қамап тастады. Ал аппеляциялық алқа тәртіп сақшыларының әрекеті заңсыз болғанын дәлелдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Диапазон порталына сілтеме жасап.39 жастағы ер адамға полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін айып тағылды. Тәртіп сақшылары хаттама толтырып, істі әкімішілік сотқа жіберген. Судья оны төрт тәулікке қамауға алуға шешім шығарды. Содан көлік жүргізушісі облыстық сотқа арыз түсірді.Оның айтуынша, сол күні көлігін жуып, үйіне бара жатқан. Жолда полицейлер тоқтатады. Ол бәрін видеоға түсіре бастайды. Осыдан кейін 6-7 полицей оны жерге жатқызып, қолына кісен салады. Сол жерден бірден полиция учаскесіне алып кеткен. Облыстық соттың алқасы учаскелік инспектордың рапортын зерделеп шықты. Осы құжатта жүргізушінің нақты қандай талапты орындамағаны көрсетілмеген. Видеода оның заңсыз әрекет жасағаны да көрінбейді. Ал полицейлер көлікті не үшін тоқтатқанын айтпай, камераны алып тастауды талап еткен. Заң бойынша тәртіп сақшыларын тек тергеу орнында, сосын төтенше жағдай режимі немесе терроризмге қарсы операция аймағында түсіруге болмайды.Осылайша, ер адамға қарсы күш қолдану мен кісен салудың қажеттілігін дәлелдейтін ешбір уәж табылмады. Әкімшілік істі қозғаған полицей оған адвокат шақыруға да рұқсат бермеген. Қамауға алынған ер адам суицид жасауға тырысқан. Оны жедел жәрдем мамандары құтқарып қалды.Облыстық сот алқасы ер адамның әрекетінен қылмыс құрамын таппай, істі тоқтатуға шешім шығарды. Заңсыз қамауға алынғаны үшін өтемақы талап етуге құқылы екенін де жеткізді. Ол осы мүмкіндікті пайдаланып, 1 миллион теңге талап етті. Сот қаржы министрлігін 200 мың теңге төлеп беруді міндеттеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1284/78/12847860_0:0:4608:3456_1920x0_80_0_0_22260508401e1c7ab639cbf10ca6685c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ақтөбе қаласында полицияны видеоға түсірген көлік жүргізушісін төрт күнге қамап тастады. Ал аппеляциялық алқа тәртіп сақшыларының әрекеті заңсыз болғанын дәлелдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Диапазон порталына сілтеме жасап.
39 жастағы ер адамға полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін айып тағылды. Тәртіп сақшылары хаттама толтырып, істі әкімішілік сотқа жіберген. Судья оны төрт тәулікке қамауға алуға шешім шығарды. Содан көлік жүргізушісі облыстық сотқа арыз түсірді.
Оның айтуынша, сол күні көлігін жуып, үйіне бара жатқан. Жолда полицейлер тоқтатады. Ол бәрін видеоға түсіре бастайды. Осыдан кейін 6-7 полицей оны жерге жатқызып, қолына кісен салады. Сол жерден бірден полиция учаскесіне алып кеткен.
Облыстық соттың алқасы учаскелік инспектордың рапортын зерделеп шықты. Осы құжатта жүргізушінің нақты қандай талапты орындамағаны көрсетілмеген. Видеода оның заңсыз әрекет жасағаны да көрінбейді. Ал полицейлер көлікті не үшін тоқтатқанын айтпай, камераны алып тастауды талап еткен. Заң бойынша тәртіп сақшыларын тек тергеу орнында, сосын төтенше жағдай режимі немесе терроризмге қарсы операция аймағында түсіруге болмайды.
Осылайша, ер адамға қарсы күш қолдану мен кісен салудың қажеттілігін дәлелдейтін ешбір уәж табылмады. Әкімшілік істі қозғаған полицей оған адвокат шақыруға да рұқсат бермеген.
Қамауға алынған ер адам суицид жасауға тырысқан. Оны жедел жәрдем мамандары құтқарып қалды.
Облыстық сот алқасы ер адамның әрекетінен қылмыс құрамын таппай, істі тоқтатуға шешім шығарды. Заңсыз қамауға алынғаны үшін өтемақы талап етуге құқылы екенін де жеткізді. Ол осы мүмкіндікті пайдаланып, 1 миллион теңге талап етті. Сот қаржы министрлігін 200 мың теңге төлеп беруді міндеттеді.