https://sputnik.kz/20240303/aqtobede-83-zhastagy-keyuana-universitette-bilim-alyp-zhur--42637357.html
Ақтөбеде 83 жастағы кейуана университетте білім алып жүр
Ақтөбеде 83 жастағы кейуана университетте білім алып жүр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. 83 жастағы қария университетте ағылшын тілі мен цифрлық сауаттылық курстарын оқып жүр, деп хабарлады QAZAQSTAN арнасы. 03.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-03T13:52+0500
2024-03-03T13:52+0500
2024-03-03T19:51+0500
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/377/17/3771748_0:700:4000:2950_1920x0_80_0_0_cf8034b8d86bb90123e9f5cae51616a1.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. 83 жастағы қария университетте ағылшын тілі мен цифрлық сауаттылық курстарын оқып жүр, деп хабарлады QAZAQSTAN арнасы.Ғұмырының көп бөлігін медицина саласына арнаған Зауза Молдабекова білім алу үшін ешқашан кеш емес дейді."Мен әлеуметтік желіні оқимын, өзім ватсапта бармын, телевизор қараймын. Қазіргі заманда сандық ақпарат үстемдік алып тұр. Себебі, сандық ақпаратсыз ешқандай шаруа бітпейді.Сондықтан сол сандық ақпарат жүйесін түсіну үшін осы курсқа келдім", - дейді ол.Зауза Молдабекова ұл-қыз өсіріп, немере мен шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Ол Темір ауданында және Ақтөбе қаласында дәрігер болып 41 жыл жұмыс істеген. Зейнеткерлікке шыққан соң да қарап отырмады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ал "Күміс университет" жобасы туралы естігеннен кейін көп ойланбастан білім алуға шешім қабылдаған.Зауза әже сабаққа белсене қатысады. Курсқа жазылғандардың ішіндегі ең егдесі болғанына қарамастан, үлгерімі өте жақсы. Кейуананың білімі мен парасат, пайымына университет ұстаздарының өзі тәнті болып отырады. Той-томалаққа барғаннан гөрі, осындай пайдалы іспен айналысқан дұрыс деген пікірде.Сабақтан тыс уақытта студенттермен шүйіркелескенді ұнатады. Өмірден түйгенін, білгенін айтып, жастардың өзінен заманауи технологиялар, әлеуметтік желідегі жаңашылдықтар туралы біледі.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/377/17/3771748_0:325:4000:3325_1920x0_80_0_0_42ada4299368145fd1d61760b3f2e45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе
Ақтөбеде 83 жастағы кейуана университетте білім алып жүр
13:52 03.03.2024 (жаңартылды: 19:51 03.03.2024) АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. 83 жастағы қария университетте ағылшын тілі мен цифрлық сауаттылық курстарын оқып жүр, деп хабарлады
QAZAQSTAN арнасы.
Ғұмырының көп бөлігін медицина саласына арнаған Зауза Молдабекова білім алу үшін ешқашан кеш емес дейді.
"Мен әлеуметтік желіні оқимын, өзім ватсапта бармын, телевизор қараймын. Қазіргі заманда сандық ақпарат үстемдік алып тұр. Себебі, сандық ақпаратсыз ешқандай шаруа бітпейді.Сондықтан сол сандық ақпарат жүйесін түсіну үшін осы курсқа келдім", - дейді ол.
Зауза Молдабекова ұл-қыз өсіріп, немере мен шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Ол Темір ауданында және Ақтөбе қаласында дәрігер болып 41 жыл жұмыс істеген. Зейнеткерлікке шыққан соң да қарап отырмады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ал "Күміс университет" жобасы туралы естігеннен кейін көп ойланбастан білім алуға шешім қабылдаған.
Зауза әже сабаққа белсене қатысады. Курсқа жазылғандардың ішіндегі ең егдесі болғанына қарамастан, үлгерімі өте жақсы. Кейуананың білімі мен парасат, пайымына университет ұстаздарының өзі тәнті болып отырады. Той-томалаққа барғаннан гөрі, осындай пайдалы іспен айналысқан дұрыс деген пікірде.
"Өмірдің талабынан шет қалмау керек.Себебі, өмірдің бізге қойып отырған міндеттемелері өте көп. Шет елдерде масс-медиа, ақпарат жүйесі өте дамып кетті. Дәстүрлі құндылықтарды сандық ақпаратқа, ақпараттық жүйеге лайықты трансформациялауды жүргізуіміз керек", - деп атап көрсетті Зауза әжей.
Сабақтан тыс уақытта студенттермен шүйіркелескенді ұнатады. Өмірден түйгенін, білгенін айтып, жастардың өзінен заманауи технологиялар, әлеуметтік желідегі жаңашылдықтар туралы біледі.