Семейде қызды құтқаруға барған полицейді пышақтап тастады – видео

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2024
Жазылу
Сол күні полицияға 13 жастағы қыз хабарласып, белгісіз ер адам оны артынан аңдып жүргенін айтқан
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Семей қаласында қызды құтқаруға барған полиция қызметкерін пышақтап тастады. Бірақ ол жарақат алғанына қарамастан әріптесімен бірге күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Сол күні полицияға 13 жастағы қыз хабарласып, белгісіз ер адам оны артынан аңдып жүргенін айтқан. Сол жерге бірден учаскелік полиция инспекторлары жіберілді. Олар супермаркеттің жанынан күдікті адамды байқап, мән-жайларды анықтауға тырысқан. Ал күдіктінің агрессивті мінез танытқанын көргеннен кейін дүкеннен алшақ кету керектігін түсінді. Себебі өйткені сауда орнында адамдар көп болды.
Учаскелік полицейлер алдымен рациямен көмек сұрады. Ал патрульдік көліктен шыққанда ер адам жүгіріп келіп, полицей Асхат Ахатовқа пышақ жарақатын салған. Тәртіп сақшысы алған жарақатына қарамастан, әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, қылмыскерді ұстады.
Басынан үш рет жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
0