Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Херсон облысында Украина қарулы күштерінің соққысы кезінде бір адам мерт болды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуБоевая работа гвардейской 200-й мотострелковой бригады Северного флота в зоне СВО
Боевая работа гвардейской 200-й мотострелковой бригады Северного флота в зоне СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2024
Жазылу
Барлығы жеті елдімекен оқтың астында қалды
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Херсон облысындағы Днепрдің сол жағалауындағы Малая Кардашинка елді мекенін украин әскерлерінің атқылауы кезінде бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Бір тәулік ішінде Украина Қарулы Күштері сол жағалаудағы елді мекендерге 37 рет артиллериялық соққы берді.
"Малая Кардашинкаға оқ жаудыру кезінде бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Киев режимінің содырлары Херсон облысының сол жағалауында лаңкестік әрекеттерін жалғастыруда. Кеше күндізгі уақытта Украина армиясы елді мекендерге 20 артиллериялық соққы берді. Днепрдің сол жағалауында түн батқанда содырлар облыстың елді мекендерін тағы 17 рет атқылады", - деді ақпарат көзі.
Барлығы 7 елдімекен оқтың астында қалды: Малая Кардашинка, Днепряный, Саги, Алешки, Голая Пристань, Раденск, Казак лагерлері.
Инфрақұрылымның қирауы мен тұрғындардың қазасы нақтылануда.
Жаңалықтар
0