https://sputnik.kz/20240302/kameralar-tusiredi--politsiya-zhurgizushilerge-eskertu-zhasady-42630837.html
"Камералар түсіреді": Полиция жүргізушілерге ескерту жасады
"Камералар түсіреді": Полиция жүргізушілерге ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Астана полициясы бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салынғанын ескертті 02.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-02T15:56+0500
2024-03-02T15:56+0500
2024-03-02T15:56+0500
бағдаршам
астана
жол жүру ережесі
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1f/15348419_0:322:3068:2048_1920x0_80_0_0_1a7f6c06107ac2a3a475d1c577d64782.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Елорда полициясы бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салынғанын ескертті, деп хабарлады Polisia.kz.Ресми мәлімет бойынша жол апатына көбінесе бағдаршамның сары түсі жанған сәтте жүру себеп болады.Полицияның айтуынша мұндай ереже бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейді."Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан астам оқиға тіркелді. Жол апаттары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары), оның ішінде сары сигналға өту салдарынан болған", - дейді полицейлер.6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1f/15348419_109:0:2840:2048_1920x0_80_0_0_3f61e072e67fdb4c60b1248f66a94c05.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бағдаршам, астана, жол жүру ережесі
бағдаршам, астана, жол жүру ережесі
"Камералар түсіреді": Полиция жүргізушілерге ескерту жасады
Астана полициясы бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салынғанын ескертті
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Елорда полициясы бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салынғанын ескертті, деп хабарлады
Polisia.kz. Ресми мәлімет бойынша жол апатына көбінесе бағдаршамның сары түсі жанған сәтте жүру себеп болады.
"Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналы шығатынын ескертеді", - делінген хабарламада.
Полицияның айтуынша мұндай ереже бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейді.
"Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан астам оқиға тіркелді. Жол апаттары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары), оның ішінде сары сигналға өту салдарынан болған", - дейді полицейлер.
6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді.