https://sputnik.kz/20240302/eksporttaushylardy-qoldau-zhonindegi-bagdarlamalardy-iske-qosu-zhumystary-bastaldy-42631248.html
Экспорттаушыларды қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске қосу жұмыстары басталды
Экспорттаушыларды қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске қосу жұмыстары басталды
Sputnik Қазақстан
Экспорттық акселерацияға қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалардың, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің 120 кәсіпорны... 02.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-02T19:00+0500
2024-03-02T19:00+0500
2024-03-02T19:00+0500
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/13/18706004_0:152:1024:728_1920x0_80_0_0_e234ab4e6101d30b97e6c543df248ea7.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. 2024 жылдың 1-31 наурызы аралығында "Экспорттық акселерация-2024" бағдарламаларына қатысу үшін және Alibaba.com халықаралық сауда платформасына шығару бойынша отандық компанияларды іріктеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.Бағдарламаларға Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы"АҚ оператор болады.Биыл экспорттық акселерацияға қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалардың, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің 120 кәсіпорны іріктеледі.Бағдарламаның негізгі міндеті – мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларының көмегімен қазақстандық компаниялардың экспорттық әлеуетін арттыру. Жоба шағын және орта бизнестің шикізаттық емес бағыттағы перспективалы кәсіпорындарына бағытталған.Бағдарлама шеңберінде экспорттық саудаға мүдделі қазақстандық кәсіпкерлер бірқатар қызметтер алады.Оның ішінде:2020 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанда Экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары 400-ден астам шағын және орта кәсіпорындар болды. Жақында қызмет көрсететін компаниялар бағдарламаға тұрақты қызығушылық танытуда."Made in KZ тауарларын шетелде ілгерілету және танымал ету үшін QazTrade отандық кәсіпорындарға ірі халықаралық маркетплейcтерге, атап айтқанда Alibaba.com сауда платформасына шығуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.Биыл 70 қазақстандық шикізаттық емес тауар өндірушіл мен жеткізуші "Gold Supplier" (Алтын жеткізуші) премиум мәртебесін ала алады. Бұл мәртебе экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға әлемдік нарықтарға қол жеткізуге, Alibaba.com платформасында өндірушінің танымалдығы мен имиджін арттыруға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/13/18706004_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_dddf9e235892c2be0d23d4c5532f6cc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экспорт
Экспорттаушыларды қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске қосу жұмыстары басталды
Экспорттық акселерацияға қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалардың, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің 120 кәсіпорны іріктеледі
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. 2024 жылдың 1-31 наурызы аралығында "Экспорттық акселерация-2024" бағдарламаларына қатысу үшін және Alibaba.com халықаралық сауда платформасына шығару бойынша отандық компанияларды іріктеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Бағдарламаларға Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы"АҚ оператор болады.
Биыл экспорттық акселерацияға қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалардың, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің 120 кәсіпорны іріктеледі.
Бағдарламаның негізгі міндеті – мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларының көмегімен қазақстандық компаниялардың экспорттық әлеуетін арттыру. Жоба шағын және орта бизнестің шикізаттық емес бағыттағы перспективалы кәсіпорындарына бағытталған.
Бағдарлама шеңберінде экспорттық саудаға мүдделі қазақстандық кәсіпкерлер бірқатар қызметтер алады.
компанияның және оның өнімдерінің әлеуетін аналитикалық бағалау,
маркетингтік науқанды өткізу,
B2B-кездесулерді ұйымдастыру,
экспортқа арналған құжаттар тізбесін қалыптастыруға жәрдемдесу қызметі бар.
2020 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанда Экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары 400-ден астам шағын және орта кәсіпорындар болды. Жақында қызмет көрсететін компаниялар бағдарламаға тұрақты қызығушылық танытуда.
"Made in KZ тауарларын шетелде ілгерілету және танымал ету үшін QazTrade отандық кәсіпорындарға ірі халықаралық маркетплейcтерге, атап айтқанда Alibaba.com сауда платформасына шығуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Биыл 70 қазақстандық шикізаттық емес тауар өндірушіл мен жеткізуші "Gold Supplier" (Алтын жеткізуші) премиум мәртебесін ала алады. Бұл мәртебе экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға әлемдік нарықтарға қол жеткізуге, Alibaba.com платформасында өндірушінің танымалдығы мен имиджін арттыруға мүмкіндік береді.