Астанада 2,3 мыңнан астам адам көшенің қарын тазалауға шықты

© Photo : Акимат Астаны Астана келбеті, архивтегі фото
 Астана келбеті, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2024
Жазылу
Қыс басталғалы полигондарға 5,6 млн текше метрден астам қар шығарылды
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Астанада 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы көшелердің қарын тазалауға шықты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"2 наурыз күні таңертең Астанада қар тазалауға 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
1 наурыздан 2-сіне қараған түні қаладан 25 мың текше метр қар немесе 1,9 мың ауыр жүк рейсі шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 414 мың жүк көлігі арқылы 5,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.
Жаңалықтар
0