Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлаған

© Sputnik/Ертай СарбасовШкола-гимназия города Каскелен
Школа-гимназия города Каскелен - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында 8 сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті. Оқыс оқиға Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы Омар Есімов атындағы мектепте болған, деп хабарлайды КТК.
Физика пәні кезінде мұғалім сыныпқа дер кезінде келмеген. Осы кезде 8-сыныптың қыздары арасында жанжал туындапты. Көп ұзамай жоғары қабаттағы терезеден оқушылардың бірі құлап кеткен. Ауыр жарақат алған Аружанның жақындары оқушының өзі секіргенін, не абайсызда құлап кеткенін біле алмай жатыр. Тексеріс басталды. Ал ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз Келес ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

"Басынан жарақат алған. Бел омыртқасы, жамбасы сынған. Емдеу протокол бойынша өткізілді. Жағдайы жақсарған соң бірінші травматология бөліміне ауыстырылды", - дейді Келес ауданы Абай ауруханасының дәрігері Әбдісамат Утамұратов.
Жаңалықтар
0