Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

© PhotoКасым-Жомарт Токаев и Владимир Путин приняли участие в пленарном заседании ХIХ Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин приняли участие в пленарном заседании ХIХ Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2024
Жазылу
1 наурыз - Алғыс айту күні
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі", - деп атап өтті мемдекет басшысы.
Ол мұның бәрін ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы деп санайды.
Президенттің айтуынша, халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді.
"Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды", - деді президент.
Ол озық ойлы ұлт ретінде көздеген барлық биік мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенетінін айтты.
"Осы орайда тынымсыз тер төгіп, Қазақстанды көркейтуге өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс айтамын. Баршаңызға бақ-береке және мол игілік тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - делінген президент құттықтауында.
Жаңалықтар
0