https://sputnik.kz/20240301/qazaqstannyn-qaryzy-kop-me--eaeo-statistikasy-zhariyalandy-42608299.html
Қазақстанның қарызы көп ме – ЕАЭО статистикасы жарияланды
Қазақстанның қарызы көп ме – ЕАЭО статистикасы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Одақта мемлекеттік қарыздың көлемі де артты 01.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-01T14:16+0500
2024-03-01T14:16+0500
2024-03-01T14:16+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163013_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_ed1a64266081eae0354706a049c5466f.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызына қатысты есеп жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтына сілтеме жасап.2023 жылдың қорытындысы бойынша одаққа мүше елдердің республикалық бюджеттен шығарған шығындары кірістен асып кетті. Қырғызстан ғана бюджетті профицитпен жапты.Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда Арменияда бюджет тапшылығы 5,2 процентке өссе, Қазақстанда – 30,5 процентке, ал Ресейде 2,0 процентке артты. Комиссияның есебіне сәйкес, Қазақстан мен Ресейдегі бюджет тапшылығын жабу үшін ақшаның басым бөлігі ұлттық қорлардан алынды.Одақта мемлекеттік қарыздың көлемі де артты. Бір жылдың ішінде Арменияда 14,6%, Қазақстанда - 7,3%, Қырғызстанда – 17,1%, ал Ресейде 12,2%-ке өсті. Армения мен Қырғызстанда мемлекеттік қарызда сыртқы берешек басым болса, Қазақстан мен Ресейде ішкі қарыз артып отыр.2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз (АҚШ долларымен есептегенде) Арменияда (0,9%) және Қырғызстанда (3,9%) өсті. Ал Қазақстан (8,3%) мен Ресейде (1,6%) көрсеткіш керісінше азайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163013_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_e5f7bb176df88213320cddb11874806a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстанның қарызы көп ме – ЕАЭО статистикасы жарияланды
Одақта мемлекеттік қарыздың көлемі де артты
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызына қатысты есеп жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми
сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың қорытындысы бойынша одаққа мүше елдердің республикалық бюджеттен шығарған шығындары кірістен асып кетті. Қырғызстан ғана бюджетті профицитпен жапты.
Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда Арменияда бюджет тапшылығы 5,2 процентке өссе, Қазақстанда – 30,5 процентке, ал Ресейде 2,0 процентке артты. Комиссияның есебіне сәйкес, Қазақстан мен Ресейдегі бюджет тапшылығын жабу үшін ақшаның басым бөлігі ұлттық қорлардан алынды.
Одақта мемлекеттік қарыздың көлемі де артты. Бір жылдың ішінде Арменияда 14,6%, Қазақстанда - 7,3%, Қырғызстанда – 17,1%, ал Ресейде 12,2%-ке өсті. Армения мен Қырғызстанда мемлекеттік қарызда сыртқы берешек басым болса, Қазақстан мен Ресейде ішкі қарыз артып отыр.
2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз (АҚШ долларымен есептегенде) Арменияда (0,9%) және Қырғызстанда (3,9%) өсті. Ал Қазақстан (8,3%) мен Ресейде (1,6%) көрсеткіш керісінше азайды.