https://sputnik.kz/20240301/elektrondy-quzhatta-adamdardyn-tugan-kuni-ozgerip-ketti-servistegi-aqau-sebebi-anyqtaldy-42614157.html
"Электронды құжатта адамдардың туған күні өзгеріп кетті": сервистегі ақау себебі анықталды
"Электронды құжатта адамдардың туған күні өзгеріп кетті": сервистегі ақау себебі анықталды
Sputnik Қазақстан
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілді 01.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-01T14:51+0500
2024-03-01T14:51+0500
2024-03-01T14:51+0500
құжат
төлқұжат
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:11:1281:731_1920x0_80_0_0_b7dd4bc205aac7efbaf0376ba8a3bd8c.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. "Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамы" еліміздің UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты кейбір ақпараттық сервистердің қызметін қалып келтіріп жатыр.2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілді.Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның мәліметінше, мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі ақпараттық жүйелер бойынша осындай жұмыстарды жүргізді.Хабарламада жүйелер штаттық режимде жұмыс істейтіні, мемлекеттік қызметтерді eGov.kz арқылы алу да әдеттегідей қолжетімді екені айтылған."Цифрлық құжаттар" сервисінде деректердің дұрыс көрсетілмеуінің жеке жағдайлары анықталды. Қазіргі уақытта біз барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз және ағымдағы деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.Айта кетейік, сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтардың электронды құжаттарда туған күні өзгеріп кетті.Кейбіреулерінде жеке куәлікте, басқаларында жүргізуші куәлігінде, енді бірінде төлқұжатында туған күні өзгергені анықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:0:975:731_1920x0_80_0_0_e558e8cd70e9ff584a9b426b1eeedf64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құжат, төлқұжат
"Электронды құжатта адамдардың туған күні өзгеріп кетті": сервистегі ақау себебі анықталды
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілді
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. "Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамы" еліміздің UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты кейбір ақпараттық сервистердің қызметін қалып келтіріп жатыр.
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілді.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ контурындағы 64 ақпараттық жүйе орналасқан 11 мыңнан астам виртуалды серверлер бойынша (eGov.kz порталы, egov mobile мобильді қосымшасы, e-license порталы, "Е-Нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, "Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі", "e-Otinish" электронды үндеу қызметі және т.б. ақпараттық жүйелер) жаңартулар жүргіздік", - делінген хабарламада.
Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның мәліметінше, мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі ақпараттық жүйелер бойынша осындай жұмыстарды жүргізді.
Хабарламада жүйелер штаттық режимде жұмыс істейтіні, мемлекеттік қызметтерді eGov.kz арқылы алу да әдеттегідей қолжетімді екені айтылған.
"Цифрлық құжаттар" сервисінде деректердің дұрыс көрсетілмеуінің жеке жағдайлары анықталды. Қазіргі уақытта біз барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз және ағымдағы деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
Айта кетейік, сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтардың электронды құжаттарда туған күні өзгеріп кетті.
Кейбіреулерінде жеке куәлікте, басқаларында жүргізуші куәлігінде, енді бірінде төлқұжатында туған күні өзгергені анықталды.