Әскерге қанша адам шақырылады – көктемгі науқан басталды

© Photo : Минобороны КазахстанаИтоги призывной кампании
Итоги призывной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2024
Жазылу
Әскерге шақырылатын азаматтарға дербес шақырту қағазы немесе 1414 қызметі арқылы SMS-хабарламалары жіберіледі
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Бүгін азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Президент жарлығына сәйкес, 1 наурызда қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады.
ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымовтың айтуынша, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру 30 маусымға дейін жалғасады.
"Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер азамат толықтырады. Оның ішінде, Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам, Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам, Шекара қызметіне 3 мыңға жуық, Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 астам, мемлекеттік күзет қызметіне 300 жуық адам қабылданады", - деді Досымов бүгінгі брифингте.
Әскерге шақырылатын азаматтарға дербес шақырту қағазы немесе 1414 қызметі арқылы SMS-хабарламалары жіберіледі.
Жаңалықтар
0