https://sputnik.kz/20240229/qazaqstan-talibandy-astana-khalyqaralyq-forumyna-shaqyrdy--sim-tusiniktemesi-42575374.html
Қазақстан Талибанды* Астана халықаралық форумына шақырды – СІМ түсініктемесі
Қазақстан Талибанды* Астана халықаралық форумына шақырды – СІМ түсініктемесі
Sputnik Қазақстан
Қазақстан тәліптермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға басымдық береді 29.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-29T11:53+0500
2024-02-29T11:53+0500
2024-02-29T12:18+0500
ауғанстан
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/34021482_0:0:3078:1731_1920x0_80_0_0_79b12a420b4b340eea37d45e4b800427.jpg
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан Талибанды* Астана халықаралық форумына неге шақырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Василенко Ауғанстан үкіметінде сауда министрінің міндетін атқарушы биыл 13-14 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына шақырылғанын растады. Айтуынша, әлгі шенеунік те, тәліптер қозғалысы да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясына ілікпеген. Оның үстіне ол Қазақстанға былтыр да бизнес-форумға қатысу үшін ауған үкіметінің өкілдерімен бірге келген."Ауғанстан – біздің өңірлік көршіміз. Қазақстан ғана емес, өңірдің көптеген елі, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Ресей, Пәкістан және басқалары бұл мемлекетпен қарым-қатынасты жолға қоюға тырысып жатыр. Біздің қарым-қатынасымыз, біріншіден, Ауғанстан азаматтарына гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған. Қазір ел халқы 40 миллионнан асады. Онсыз да азық-түлікпен байланысты үлкен проблемаларға тап болып отыр. Біздің жұмысымыздың екінші бағыты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту", - деп түсіндірді Василенко сенат кулуарында.Ауғанстан Қазақстаннан ірі көлемде астық сатып алады. Екі елдің тауар айналымы 2022 жылғы 500 млн доллардан 2023 жылы 1 млрд долларға дейін артқан."Бұл өткені мен бүгіні күрделі, бірақ болашағы зор мемлекет деп айтуға болады. Сол себепті сауда-экономикалық ынтымақтастыққа басымдық беріледі. Бүгінде Ауғанстанның қазіргі басшылығымен бүкіл әлем байланыс орнатып жатыр. Талибан* қозғалысының үкіметтен әйелдерге орын беру, әйел құқығын қорғауға қатысты уәделерін орындау бойынша мәселе, әрине, бар. Бірақ Ауғанстан Орталық Азияның өңірлік көршісі екенін ұмытпауымыз керек және қазіргі өзара іс-қимыл біздің мүддемізге жауап береді", - деді Василенко.* Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына іліккен.
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/34021482_111:0:2842:2048_1920x0_80_0_0_d4fe77f8a3337f474dad0a24f3e7818c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан
Қазақстан Талибанды* Астана халықаралық форумына шақырды – СІМ түсініктемесі
11:53 29.02.2024 (жаңартылды: 12:18 29.02.2024) Қазақстан тәліптермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға басымдық береді
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан Талибанды
* Астана халықаралық форумына неге шақырғанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Василенко Ауғанстан үкіметінде сауда министрінің міндетін атқарушы биыл 13-14 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына шақырылғанын растады. Айтуынша, әлгі шенеунік те, тәліптер қозғалысы да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясына ілікпеген. Оның үстіне ол Қазақстанға былтыр да бизнес-форумға қатысу үшін ауған үкіметінің өкілдерімен бірге келген.
"Ауғанстан – біздің өңірлік көршіміз. Қазақстан ғана емес, өңірдің көптеген елі, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Ресей, Пәкістан және басқалары бұл мемлекетпен қарым-қатынасты жолға қоюға тырысып жатыр. Біздің қарым-қатынасымыз, біріншіден, Ауғанстан азаматтарына гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған. Қазір ел халқы 40 миллионнан асады. Онсыз да азық-түлікпен байланысты үлкен проблемаларға тап болып отыр. Біздің жұмысымыздың екінші бағыты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту", - деп түсіндірді Василенко сенат кулуарында.
Ауғанстан Қазақстаннан ірі көлемде астық сатып алады. Екі елдің тауар айналымы 2022 жылғы 500 млн доллардан 2023 жылы 1 млрд долларға дейін артқан.
"Бұл өткені мен бүгіні күрделі, бірақ болашағы зор мемлекет деп айтуға болады. Сол себепті сауда-экономикалық ынтымақтастыққа басымдық беріледі. Бүгінде Ауғанстанның қазіргі басшылығымен бүкіл әлем байланыс орнатып жатыр. Талибан* қозғалысының үкіметтен әйелдерге орын беру, әйел құқығын қорғауға қатысты уәделерін орындау бойынша мәселе, әрине, бар. Бірақ Ауғанстан Орталық Азияның өңірлік көршісі екенін ұмытпауымыз керек және қазіргі өзара іс-қимыл біздің мүддемізге жауап береді", - деді Василенко.
* Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына іліккен.