Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Францияда партия лидері Макронға импичмент жариялауды талап етті

© Sputnik / Медиабанкке өту Париж
 Париж - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Франция парламенті Ресеймен соғысқа қарсы дауыс беріп, президент Эммануэль Макронға импичмент жариялауы керек, деп жазды "Патриоттар" партиясының жетекшісі Флориан Филиппо X әлеуметтік желісінде.
Саясаткердің пікірінше, Франция президенті өз елін жек көреді және оны үшінші дүниежүзілік соғысқа тартқысы келеді.
"Парламентшілер ертерек қимылдау үшін ұлттық петиция жарияланды! Конституцияның 35-бабы соғыс мәселесі бойынша дауыс беруді және 68-бабы импичмент жариялауды талап етеді!" – деп жазды "Патриоттар" қозғалысының лидері.
Филиппо сонымен қатар өз партиясының сайтында жарияланған петицияға сілтеме берді.
Дүйсенбі күні Парижде Франция басшысының бастамасымен Киев режимін қолдау мақсатында шақырылған конференция өтті. Оған Германия, Ұлыбритания, Польша, Дания, Нидерланды сынды он шақты елдің басшылары шақырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Макрон қатысушылардың Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін талқылағанын, бірақ ортақ шешімге келмегенін айтты. Ол сонымен бірге Франция Ресейдің бұл соғыста жеңіске жетуіне жол бермеу үшін бәрін жасайтынын мәлімдеді.
Келесі күні Еуропаның көптеген елінің билігі Украинаға әскери контингент жіберу туралы әңгіме болмағанын хабарлады.
Кейін француз тарапы мән-жайды түсіндіруге тырысты. Сыртқы істер министрі Стефан Сежурне Батыс әскерилерінің Украинада болуы қақтығысқа қатысы бар дегенді білдірмейді деп есептейді. Ал елдің қорғаныс министрі Себастьян Лекорню әңгіме Ресеймен соғыс туралы емес екенін, ал Батыстың Киев билігіне тағы қалай көмектесу туралы ойлануы "қалыпты жағдай" екенін атап өтті. Республика премьер-министрі Габриэль Атталдың айтуынша, француз әскерилері Украина шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
Жаңалықтар
0