https://sputnik.kz/20240229/elordadagy-turan-dangyly-qansha-uaqytqa-zhabyldy-42598618.html
Елордадағы Тұран даңғылы қанша уақытқа жабылды
Елордадағы Тұран даңғылы қанша уақытқа жабылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 29 ақпан - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында магистральды кәріз коллекторының құрылысы жүріп жатқанын жеткізді. 29.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-29T21:44+0500
2024-02-29T21:44+0500
2024-02-29T21:44+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41898680_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_ce0bfbf829bc2e1dc6a54f9bdda690f4.jpg
АЛМАТЫ, 29 ақпан - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында магистральды кәріз коллекторының құрылысы жүріп жатқанын жеткізді.Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қаланың қарыштап дамып, ағынды судың көлемі ұлғайған. Ал коллектор өз мүмкіндігінің шегінде ғана жұмыс істейді.Коллекторға түсетін жүктеменің артуына байланысты оның жұмысында іркілістер болады, ал авариялық-қалпына келтіру жұмысы күткен нәтижені бермей отыр.Елорданың дәл осы ауданында ағынды суды ағызудың өзге жолы жоқ.Ал қолданыстағы құбырды одан әрі пайдаланудың салдарынан ағынды су жер бетіне көтеріліп, бірқатар көшені басып қалуы мүмкін.Сол сияқты техногендік, экологиялық сипаттағы жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін."Шаруашылық-тұрмыстық суды ағызу үшін арнайы жоба әзірледік және осы айда Тұран даңғылындағы магистральды кәріз коллекторының құрылысын бастадық. Оның ұзындығы — шамамен 8 км. Аяқталу мерзімі — 9 наурыз. Құрылыс қарқынын жылдамдатуды және мерзімінен бұрын жол қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырдым", — деп жазады Жеңіс Қасымбек.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41898680_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_94d777b0a7faebbce74530aa98a2bdfb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
АЛМАТЫ, 29 ақпан - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында магистральды кәріз коллекторының құрылысы жүріп жатқанын жеткізді.
"Өздеріңіз білетіндей, 21 ақпаннан бастап Тұран даңғылындағы (Орынбор мен Бағланова көшелерінің арасы) учаскенің бір бөлігін уақытша жаптық. Қазір мұнда магистральды кәріз коллекторының құрылысы бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл нысанның қалаға қаншалықты маңызды екенін қысқаша айтып өтейін. Қазіргі уақытта қаланың сол жағалау бөлігінің шаруашылық-тұрмыстық суы Мәңгілік ел даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі және Тұран даңғылы арқылы өтетін магистральды коллектордың көмегімен ағызылады. Коллектор 16 жыл бұрын салынған. Оның ұзындығы — 6 км", - деп атап өті әкім.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қаланың қарыштап дамып, ағынды судың көлемі ұлғайған. Ал коллектор өз мүмкіндігінің шегінде ғана жұмыс істейді.
Коллекторға түсетін жүктеменің артуына байланысты оның жұмысында іркілістер болады, ал авариялық-қалпына келтіру жұмысы күткен нәтижені бермей отыр.
Елорданың дәл осы ауданында ағынды суды ағызудың өзге жолы жоқ.
Ал қолданыстағы құбырды одан әрі пайдаланудың салдарынан ағынды су жер бетіне көтеріліп, бірқатар көшені басып қалуы мүмкін.
Сол сияқты техногендік, экологиялық сипаттағы жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
"Шаруашылық-тұрмыстық суды ағызу үшін арнайы жоба әзірледік және осы айда Тұран даңғылындағы магистральды кәріз коллекторының құрылысын бастадық. Оның ұзындығы — шамамен 8 км. Аяқталу мерзімі — 9 наурыз. Құрылыс қарқынын жылдамдатуды және мерзімінен бұрын жол қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырдым", — деп жазады Жеңіс Қасымбек.