https://sputnik.kz/20240229/eaeo-da-tagam-qospalaryn-paydalanudy-retteytin-tekhnikalyq-reglament-kushine-endi-42567429.html
ЕАЭО-да тағам қоспаларын пайдалануды реттейтін техникалық регламент күшіне енді
ЕАЭО-да тағам қоспаларын пайдалануды реттейтін техникалық регламент күшіне енді
Sputnik Қазақстан
Техникалық регламенттер мәтінінің 70 пайызға жуығы, оның ішінде оның бес негізгі бөлімі мен 29 қосымшасы жаңартылды 29.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-29T07:58+0500
2024-02-29T07:58+0500
2024-02-29T07:58+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/old/920/77/9207716_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_3b9dcb7bb07815a02cdeb576aac50546.jpg
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. ЕАЭО-да тағам қоспаларын пайдалануды реттейтін жаңартылған техникалық регламент күшіне енді.Тізім 6 жаңа қоспа енгізіліп, 19-ы алынып тасталуына байланысты 362-ден 349-ға дейін қысқарды.Техникалық регламенттер мәтінінің 70 пайызға жуығы, оның ішінде оның бес негізгі бөлімі мен 29 қосымшасы жаңартылды. 5 жаңа ұғым енгізіліп, бірқатар анықтама жаңартылды.Сонымен қатар ЕЭК баспасөз қызметі Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы Кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттеріне енгізілген өзгерістерді енгізу тәртібін бекіткенін хабарлады.Бұл тамақ өнімдеріне, сондай-ақ олардың кейбір түрлеріне арналған техникалық регламенттер:Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрлігі "Атамекен" ҰКП және "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп, мотор майларын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатқанын хабарлаған болатын."Пилоттық жобаның негізгі мақсаты - мотор майлары нарығында адал бәсекелестік жасау. Тұтынушыларға мотор майларының шығу тегі туралы ақпарат беріп, сенімін арттыру. Сондай-ақ өнім айналымын бақылау және контрафактілік өніммен күресуді көздейді. Тағы бір мақсаты – ЕАЭО-дағы трансшекаралық сауда шеңберіндегі кедергілерді жою", - дейді ведомство.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/920/77/9207716_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_76cfe3556fb9b5bcc07e01752833a404.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-да тағам қоспаларын пайдалануды реттейтін техникалық регламент күшіне енді
Техникалық регламенттер мәтінінің 70 пайызға жуығы, оның ішінде оның бес негізгі бөлімі мен 29 қосымшасы жаңартылды
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. ЕАЭО-да тағам қоспаларын пайдалануды реттейтін жаңартылған техникалық регламент күшіне енді.
Тізім 6 жаңа қоспа енгізіліп, 19-ы алынып тасталуына байланысты 362-ден 349-ға дейін қысқарды.
Техникалық регламенттер мәтінінің 70 пайызға жуығы, оның ішінде оның бес негізгі бөлімі мен 29 қосымшасы жаңартылды. 5 жаңа ұғым енгізіліп, бірқатар анықтама жаңартылды.
Сонымен қатар ЕЭК баспасөз қызметі Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы Кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттеріне енгізілген өзгерістерді енгізу тәртібін бекіткенін хабарлады.
Бұл тамақ өнімдеріне, сондай-ақ олардың кейбір түрлеріне арналған техникалық регламенттер:
балық және балық өнімдері,
құс еті және оның өңделген өнімдері.
Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрлігі "Атамекен" ҰКП және "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп, мотор майларын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатқанын хабарлаған болатын.
"Пилоттық жобаның негізгі мақсаты - мотор майлары нарығында адал бәсекелестік жасау. Тұтынушыларға мотор майларының шығу тегі туралы ақпарат беріп, сенімін арттыру. Сондай-ақ өнім айналымын бақылау және контрафактілік өніммен күресуді көздейді. Тағы бір мақсаты – ЕАЭО-дағы трансшекаралық сауда шеңберіндегі кедергілерді жою", - дейді ведомство.