Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде Алматы метросы қалай жұмыс істейді

© Мәскеу метрополитенінің баспасөз қызметіМәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды
Мәскеуде көлік кептелісін жеңілдететін ең үлкен айналма жол іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.02.2024
Жазылу
1 наурыз сағат 00:00–ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді
АЛМАТЫ, 29 ақпан - Sputnik. Сағат белдеуінің ауысуы кезінде Алматы метрополитені штаттық режимде, кестесі өзгеріссіз қызмет көрсетеді.
"29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Алматы уақытымен түнгі сағат 00:10-ға дейін жұмыс істеп, ал 1 наурыз күні жаңа белдеу бойынша сағат 06:20-да метро қайта іске қосылады",-деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 1 наурыз сағат 00:00–ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді (UTC+5).
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00–де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді.
Жаңалықтар
0