https://sputnik.kz/20240229/auganstanda-kanal-salynsa-aral-tenizine-qalay-aser-etedi-42577135.html
Ауғанстанда канал салынса Арал теңізіне қалай әсер етеді
Ауғанстанда канал салынса Арал теңізіне қалай әсер етеді
Sputnik Қазақстан
Талибан* су ресурстары мен трансшекаралық өзендер бойынша қолданыстағы халықаралық келісімдердің ешқайсысына қатыспайды, алайда егер Ауған аграршылары... 29.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-29T13:40+0500
2024-02-29T13:40+0500
2024-02-29T13:40+0500
ауғанстан
https://sputnik.kz/img/old/984/52/9845244_0:152:3103:1897_1920x0_80_0_0_2e1a71eba2e8d145e812ed8f4a8ef289.jpg
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Ауғанстандағы Куш-Тепа каналы құрылысының Қазақстанға ерекше әсері жоқ, деп мәлімдеді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.Бекниязовтың айтуынша, қазір Арал республика аумағы арқылы өтетін Сырдария суымен ғана қоректенеді."Сондықтан егер Әмудария бойынша Ауғанстан тарапынан су іріктеу жүргізілсе, біз үшін, Қазақстан үшін ерекше әсері болмайды", - деді вице-министр сенаттағы брифингте.Соған қарамастан, егер Арал теңізі бассейнінен су алынып жатса, Ауғанстан Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендер бойынша келісу және келісімге келу бойынша қандай да бір іс-шаралар жүргізуге тиіс, деп есептейді Бекнияз."Оларды су жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа тарту керек. Негізі Әмударияның Қазақстанның суармалы алқаптарының жай-күйіне тікелей физикалық әсері жоқ", - деп жалғастырды ол.Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанда Әмудариядан су бұратын Куш-Тепа каналы салынып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін Түркіменстан мен Өзбекстанның сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші 80%-тен 65%-ке дейін азаяды.Тиісінше, көршілес Өзбекстан Аралды қоректендіретін жалғыз су артериясы - Сырдариядан ауыл шаруашылығы үшін су алуды ұлғайтады, бұл тек теңіздің жандануына ғана емес, сонымен қатар оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлердің жай-күйіне де әсер етеді.2023 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды және төрағалық үш жылға Қазақстанға өтті.* Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына іліккен.
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/984/52/9845244_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_05f81223eed2716f478874317069c79a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан
Ауғанстанда канал салынса Арал теңізіне қалай әсер етеді
Талибан* су ресурстары мен трансшекаралық өзендер бойынша қолданыстағы халықаралық келісімдердің ешқайсысына қатыспайды, алайда егер Ауған аграршылары Әмудариядан су алатын болса, бұл Қазақстанға да әсер етеді
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Ауғанстандағы Куш-Тепа каналы құрылысының Қазақстанға ерекше әсері жоқ, деп мәлімдеді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
"Қазақстан аумағы арқылы Әмудария ағып жатқан жоқ, бірақ ол Арал теңізіне құяды. Алайда, өкінішке орай, 2009 жылдан бастап Әмудария Арал теңізіне құймайды", - деді ол.
Бекниязовтың айтуынша, қазір Арал республика аумағы арқылы өтетін Сырдария суымен ғана қоректенеді.
"Сондықтан егер Әмудария бойынша Ауғанстан тарапынан су іріктеу жүргізілсе, біз үшін, Қазақстан үшін ерекше әсері болмайды", - деді вице-министр сенаттағы брифингте.
Соған қарамастан, егер Арал теңізі бассейнінен су алынып жатса, Ауғанстан Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендер бойынша келісу және келісімге келу бойынша қандай да бір іс-шаралар жүргізуге тиіс, деп есептейді Бекнияз.
"Оларды су жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа тарту керек. Негізі Әмударияның Қазақстанның суармалы алқаптарының жай-күйіне тікелей физикалық әсері жоқ", - деп жалғастырды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанда Әмудариядан су бұратын Куш-Тепа каналы салынып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін Түркіменстан мен Өзбекстанның сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші 80%-тен 65%-ке дейін азаяды.
Тиісінше, көршілес Өзбекстан Аралды қоректендіретін жалғыз су артериясы - Сырдариядан ауыл шаруашылығы үшін су алуды ұлғайтады, бұл тек теңіздің жандануына ғана емес, сонымен қатар оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлердің жай-күйіне де әсер етеді.
2023 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды және төрағалық үш жылға Қазақстанға өтті.
* Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына іліккен.