Ақмола облысында шенеунік пен кәсіпкер 1,2 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған

© SputnikИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.02.2024
Жазылу
Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген жергілікті атқарушы органның бұрынғы басшысы қамауға алынды
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының Целиноград ауданында жергілікті атқарушы органның бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
"Целиноград ауданының прокуратурасы автожол саласындағы тексеріс нәтижесі бойынша Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жергілікті атқарушы органның бұрынғы басшысы мен кәсіпкер 1,2 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Аудан прокуратурасы 2 қылмыстық істі тіркеді, сотқа дейінгі тергеуді Ақмола облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді.
Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы қамауға алынған.
"1,2 млрд теңгеден астам залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді", - дейді прокурорлар.
2024 жылдың 12 ақпанында күдікті Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша бас бостандығынан айырылды, ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бухгалтерия, калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Ақтөбеде мектептің бас бухгалтері 414 млн теңге жымқырған
Жаңалықтар
0