https://sputnik.kz/20240228/zhumystan-bosatylgan-memlekettik-qyzmetkerlerge-tagy-bir-mumkindik-berilmek-42550316.html
Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік берілмек
Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік берілмек
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Мәжіліс кейбір заңнамалық актілеріне оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда... 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T10:31+0500
2024-02-28T10:31+0500
2024-02-28T10:31+0500
мемлекеттік қызметші
заң
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619263_0:62:3419:1986_1920x0_80_0_0_7ed6de9731c863b518beac58a134ee37.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Мәжіліс кейбір заңнамалық актілеріне оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының нормалары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қамтиды.Конституциялық Сот "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңының мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне шексіз тыйым салуды белгілеу бөлігін Конституцияға сәйкес емес деп таныды.Бұл орайда Конституциялық Сот заңда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің сай келмейтінін атап көрсеткен.Бұл ретте Конституциялық Сот кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген теріс себеппен өкілеттігін тоқтатқан судья өзге де салаларда, соның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады деп есептейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619263_344:0:3075:2048_1920x0_80_0_0_bcbe3011d1f861ee97cc7ffb55b060f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік қызметші, заң
мемлекеттік қызметші, заң
Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік берілмек
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Мәжіліс кейбір заңнамалық актілеріне оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының нормалары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қамтиды.
Конституциялық Сот "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңының мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне шексіз тыйым салуды белгілеу бөлігін Конституцияға сәйкес емес деп таныды.
Бұл орайда Конституциялық Сот заңда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің сай келмейтінін атап көрсеткен.
Бұл ретте Конституциялық Сот кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген теріс себеппен өкілеттігін тоқтатқан судья өзге де салаларда, соның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады деп есептейді.