https://sputnik.kz/20240228/urpaqtar-kelisimsharty-zhobasy-byltyr-500-ge-zhuyq-adam-zhumysqa-ornalasty-42560852.html
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы: былтыр 500-ге жуық адам жұмысқа орналасты
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы: былтыр 500-ге жуық адам жұмысқа орналасты
Sputnik Қазақстан
Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқандардың ең көбі Ақтөбе, Алматы, сондай-ақ Жетісу облысында тұрады 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T21:17+0500
2024-02-28T21:17+0500
2024-02-28T21:17+0500
жаңа жұмыс орындары
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_06bacb2f30478fb1f85a9220816da706.jpg
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша былтыр 500-ге жуық адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқандардың ең көбі Ақтөбе, Алматы, сондай-ақ Жетісу облысында тұрады. Солардың бірі – Жамбыл облысының тұрғыны Жадыра Мұханова."2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін "Психология мамандығы бойынша бітірдім. Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, маманнан консультация алып, өз мамандығым бойынша жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын игеру үшін "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысуға шешім қабылдадым", – дейді Жадыра.2023 жылғы қаңтарда Жадыра Мұханова жоба бойынша Тараз қаласындағы "Парасат" колледжіне жіберілді, онда ол өзін жан-жақты білікті маман ретінде көрсетті.Естеріңізге сала кетейік, жобаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар қатыса алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_2ab70ded8dcf3c12e67b946d2d0f527a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа жұмыс орындары
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы: былтыр 500-ге жуық адам жұмысқа орналасты
Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқандардың ең көбі Ақтөбе, Алматы, сондай-ақ Жетісу облысында тұрады
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша былтыр 500-ге жуық адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы арқылы Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде 493 адам жұмысқа орналасты", - деп жазылған хабарламада.
Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқандардың ең көбі Ақтөбе, Алматы, сондай-ақ Жетісу облысында тұрады. Солардың бірі – Жамбыл облысының тұрғыны Жадыра Мұханова.
"2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін "Психология мамандығы бойынша бітірдім. Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, маманнан консультация алып, өз мамандығым бойынша жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын игеру үшін "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысуға шешім қабылдадым", – дейді Жадыра.
2023 жылғы қаңтарда Жадыра Мұханова жоба бойынша Тараз қаласындағы "Парасат" колледжіне жіберілді, онда ол өзін жан-жақты білікті маман ретінде көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, жобаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар қатыса алады.