https://sputnik.kz/20240228/turmystyq-zorlyq-zombylyq-qurbandary-otbasyn-qoldau-ortalyqtarynda-uaqytsha-turaqtay-alady-42553892.html
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары отбасын қолдау орталықтарында уақытша тұрақтай алады
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары отбасын қолдау орталықтарында уақытша тұрақтай алады
Sputnik Қазақстан
Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібі реттеледі 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T12:22+0500
2024-02-28T12:22+0500
2024-02-28T12:22+0500
тұрмыстық жанжал
заң
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/16/15266283_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_87c630079277aa48e0cd4c0794916a50.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Заң балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, түзетулерде денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, он алты жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қысым көрсетуге, суицидті насихаттауға және басқа да әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік көзделген. Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар бірқатар қосымша түзету енгізді. Енді отбасын қолдау орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру мүмкіндігі беріледі. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібі реттеледі. Сотталған немесе татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға сот белгілеген арнайы талаптарды қолдану шаралары да нақтыланды. Сондай-ақ үкіметтің ұсынысымен облыстағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қызметін реттеуге қатысты өзгерістер енгізілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/16/15266283_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_4d42eef8810d7af5ff58bd60e3eea576.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрмыстық жанжал, заң
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары отбасын қолдау орталықтарында уақытша тұрақтай алады
Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібі реттеледі
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.
Заң балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.
Атап айтқанда, түзетулерде денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, он алты жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қысым көрсетуге, суицидті насихаттауға және басқа да әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар бірқатар қосымша түзету енгізді. Енді отбасын қолдау орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру мүмкіндігі беріледі. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібі реттеледі.
Сотталған немесе татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға сот белгілеген арнайы талаптарды қолдану шаралары да нақтыланды.
Сондай-ақ үкіметтің ұсынысымен облыстағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қызметін реттеуге қатысты өзгерістер енгізілді.