Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Одақтастар Макронның Украинаға әскер жіберу идеясын қолдамады - РФ СІМ

© AP Photo / Alexander ZemlianichenkoЭммануэль Макрон
Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2024
Жазылу
Бұл мәлімдеме оның маңайындағылар мен НАТО-дағы серіктестерін қатты таң қалдырды
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Францияның одақтастарының өздері президент Эммануэль Макронның Украинаға әскер жіберу мүмкіндігі туралы мәлімдемесін түсінбеді және қолдамады, деп хабарлады Sputnik радиосына Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова.
"Бұл мәлімдеме оның маңайындағылар мен НАТО-дағы серіктестерін қатты таң қалдырды. Бірнеше сағаттың ішінде НАТО елдерінің жоғарғы басшылығы, көшбасшылар, сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері бірқатар мәлімдемелер жасады. Олар Макронның бұл мәлімдемесін қолдамады, олар мұндай ештеңені жоспарлап отырған жоқ, ешкімді жіберу ойларында болмаған", - деді Захарова.
Оның айтуынша, Макронның неге мұндай мәлімдеме жасағанын ешкім түсінбеді.
"Вашингтонда Кивеке қаржылық көмек жағынан үзіліс болғанда ол Киевтегі режимге қандай бір инвестиция жасау үшін Ақ үйге ақпараттық және саяси көмек көрсетті деген болжам бар", - деді Захарова Батыс ақпарат құралдарында тараған нұсқалардың бірінен мысал келтіріп.
Бұған дейін Макрон ЕО Украинаға орташа және ұзақ қашықтықтағы зымырандарды жеткізетін "терең соққылар үшін тоғызыншы коалиция" құруға келіскенін айтқан.
Жаңалықтар
0