https://sputnik.kz/20240228/e-qyzmet-memlekettik-qyzmetke-ornalasu-ushin-konkursqa-qatysushylar-sany-27-ese-artty-42563168.html
e-Qyzmet: мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артты
e-Qyzmet: мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артты
Sputnik Қазақстан
Президентке e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысы таныстырылды 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T20:05+0500
2024-02-28T20:05+0500
2024-02-28T20:05+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_0:51:1416:848_1920x0_80_0_0_970e00d2eae4954f8070744130aa550a.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай президентке мансаптық және позициялық модель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады.Президентке e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысы таныстырылды. Соның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артты. Биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталды.Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және басқару жүйесін бюрократиядан арылту салаларына қатысты жұмыстары туралы ақпарат берілді.Кездесу соңында президент сервистік және адамдарға бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_109:0:1308:899_1920x0_80_0_0_e6f598ca61791bf395a64d1fb134051e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
e-Qyzmet: мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артты
Президентке e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысы таныстырылды
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай президентке мансаптық және позициялық модель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады.
"Сонымен қатар ашық мемлекеттік аппарат құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді төменгі лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ тағайындау шаралары жөнінде мәлімет берілді", - делінген хабарламада.
Президентке e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысы таныстырылды. Соның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артты. Биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталды.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және басқару жүйесін бюрократиядан арылту салаларына қатысты жұмыстары туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында президент сервистік және адамдарға бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды.