https://sputnik.kz/20240228/baylanys-operatorlary-totenshe-zhagday-kezinde-sms-zhiberuge-mindetti-bolady-42557141.html
Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде SMS жіберуге міндетті болады
Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде SMS жіберуге міндетті болады
Sputnik Қазақстан
Заң жобасында мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдетілген тариф енгізу туралы да норма бар 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T14:26+0500
2024-02-28T14:26+0500
2024-02-28T14:26+0500
жер сілкінісі
хабарлама
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_98b5e54f01153a206e5ffe6e8f244261.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң жобасына сәйкес, байланыс операторлары өз желілерінде хабар алмасу технологиясын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жіберілетін жедел SMS хабарламаларға байланысты.Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қолданыстағы технологияларды пайдаланғаннан кейін хабарламалар тұрғындарға уақытында жетпеген еді. Жаңа норма болашақта осындай жағдайды болдырмау мақсатында қабылданып отыр.Сондай-ақ байланыс операторлары жедел штабқа олардың өтініші бойынша мобильді байланыс станцияларын беруге міндеттеледі.Сондай-ақ байланыс операторлары мүгедектігі бар жандар үшін жеңілдетілген ұялы байланыс тарифтерін енгізеді.
https://sputnik.kz/20240124/mazhilis-deputattary-almatydagy-zher-silkinisinen-keyin-ukimetke-birneshe-usynys-tastady-41799768.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_1050a7b0220a644d84c757cdc674c7ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер сілкінісі, хабарлама
Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде SMS жіберуге міндетті болады
Заң жобасында мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдетілген тариф енгізу туралы да норма бар
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасына сәйкес, байланыс операторлары өз желілерінде хабар алмасу технологиясын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жіберілетін жедел SMS хабарламаларға байланысты.
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қолданыстағы технологияларды пайдаланғаннан кейін хабарламалар тұрғындарға уақытында жетпеген еді. Жаңа норма болашақта осындай жағдайды болдырмау мақсатында қабылданып отыр.
Сондай-ақ байланыс операторлары жедел штабқа олардың өтініші бойынша мобильді байланыс станцияларын беруге міндеттеледі.
"Мысалы, орман өрті аймақтарын коммуникациямен қамтамасыз ету. Жалпы алғанда мұндай қажеттілік әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі болған кезде немесе төтенше жағдай жарияланған кезде туындауы мүмкін", - дейді депутаттар.
Сондай-ақ байланыс операторлары мүгедектігі бар жандар үшін жеңілдетілген ұялы байланыс тарифтерін енгізеді.