https://sputnik.kz/20240228/almatydagy-zher-silkinisinen-keyin-tzhm-nin-14-qyzmetkeri-zhauapqa-tartyldy-42560407.html
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ТЖМ-нің 14 қызметкері жауапқа тартылды
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ТЖМ-нің 14 қызметкері жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Жазаланғандардың арасында министрліктің басшы құрамының өкілдері де бар 28.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-28T17:15+0500
2024-02-28T17:15+0500
2024-02-28T17:32+0500
алматы
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e7/06/06/35666744_0:49:3466:1999_1920x0_80_0_0_a256c13f1281e0cf8d19a55ea0e5a5d8.jpg
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Алматыда болған жер сілкінісінен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінде арнайы комиссия қызметтік тергеу жүргізді. Министрліктің тиісті деңгейде әрекет етпеген 14 қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.Жазаланғандардың қатарында министрліктің 4 басшысы, олардың 5 орынбасары, ведомстволық бағынысты ұйымның 1 басшысы, аумақтық бөлімшенің басшысы және оның орынбасары бар.Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жауапты органдарды түнгі жер сілкінісі кезінде жеткіліксіз дайындығы үшін сынға алған болатын.Мысалы, адамдардың көпшілігінде тіпті "дабыл чемоданы" жоқ.Президент сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің материалдық-техникалық жабдықталу деңгейін сынға алды. Бұл сейсмикалық мониторинг желісіне де, құтқарушыларды заманауи жабдықтармен, техникамен және жабдықтармен қамтамасыз етуге де қатысты."Сейсмикалық бақылауды 70 сейсмологиялық станция (Алматы, Шымкент қалаларында және 12 облыста) "Сейсмологиялық бақылаудар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС жүргізеді, оның 6-сы жұмыс істемей тұр. Мамандардың есептеуіне сәйкес, бүкіл ел бойынша қосымша 285 сейсмикалық станция орнату қажет", - деді президент.Ол Алматының азаматтық қорғау жүйесі жер сілкінісіне дайын болмағанын, ал құзыретті органдар сынақтан өтпегенін айтты.
https://sputnik.kz/20240125/tiisti-organdar-dayyn-bolmay-shyqty-toqaev-seysmikalyq-qauipsizdik-boyynsha-kenes-otkizdi-41825888.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/06/35666744_464:0:3195:2048_1920x0_80_0_0_62a27f4f3d159ac7afbd76dc71e68247.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жер сілкінісі
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ТЖМ-нің 14 қызметкері жауапқа тартылды
17:15 28.02.2024 (жаңартылды: 17:32 28.02.2024) Жазаланғандардың арасында министрліктің басшы құрамының өкілдері де бар
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Алматыда болған жер сілкінісінен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінде арнайы комиссия қызметтік тергеу жүргізді. Министрліктің тиісті деңгейде әрекет етпеген 14 қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
Жазаланғандардың қатарында министрліктің 4 басшысы, олардың 5 орынбасары, ведомстволық бағынысты ұйымның 1 басшысы, аумақтық бөлімшенің басшысы және оның орынбасары бар.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жауапты органдарды түнгі жер сілкінісі кезінде жеткіліксіз дайындығы үшін сынға алған болатын.
"Ашығын айтқанда, Алматыдағы төтенше жағдай кезінде тиісті органдар шұғыл шараларға толық дайын болмады. Қала тұрғындары өздерін қалай ұстау керектігін білмей абдырап қалды", - деді ол.
Мысалы, адамдардың көпшілігінде тіпті "дабыл чемоданы" жоқ.
Президент сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің материалдық-техникалық жабдықталу деңгейін сынға алды. Бұл сейсмикалық мониторинг желісіне де, құтқарушыларды заманауи жабдықтармен, техникамен және жабдықтармен қамтамасыз етуге де қатысты.
"Сейсмикалық бақылауды 70 сейсмологиялық станция (Алматы, Шымкент қалаларында және 12 облыста) "Сейсмологиялық бақылаудар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС жүргізеді, оның 6-сы жұмыс істемей тұр. Мамандардың есептеуіне сәйкес, бүкіл ел бойынша қосымша 285 сейсмикалық станция орнату қажет", - деді президент.
Ол Алматының азаматтық қорғау жүйесі жер сілкінісіне дайын болмағанын, ал құзыретті органдар сынақтан өтпегенін айтты.