Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Шойгу әскерилерді арнайы операция басталған күнмен құттықтады

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуМинистр обороны РФ Сергей Шойгу
Министр обороны РФ Сергей Шойгу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жазылу
Оның айтуынша, бұл мереке Ресей армиясының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін бейнелейді
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскери қызметшілер мен арнайы операциялық күштердің ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың бүгінгі күні әскери бауырластық заңдарын абыроймен орындап, мінсіз дайындық көрсетіп жатқанын атап өтті, деп хабарлады РИА Новости.
Арнайы операциялық күштер күні Ресей Федерациясы президентінің 2015 жылғы 26 ақпандағы жарлығына сәйкес 27 ақпанда аталып өтеді.
Ресей әскери ведомствосының басшысы бүгінде арнайы операциялық жасақтар әскери бауырластық заңдарын абыроймен орындайтынын атап өтті.

"Олар жоғары кәсіби әскер болғандықтан мемлекетті қорғаудағы ең күрделі міндеттерді орындайды. Арнайы әскери операция кезінде олар мінсіз дайындық, ерлік пен қаһармандық көрсетті", - деді Шойгу.

Оның айтуынша, бұл мереке Ресей армиясының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін бейнелейді.
Шойгу сонымен қатар әскери қызметкерлер Ресейдің ұлттық мүдделері мен оның егемендігін қорғауды жалғастыратынына сенім білдірді және оларға адал қызметі үшін алғыс айтты.
Жаңалықтар
0