"ҚазМұнайГаз" мұнай тасымалдау көлемі артқанын хабарлады
© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"Ақтауға жаңа мұнай құятын танкерлер келді. Архивтегі фото
© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"
Жазылу
2023 жылы мұнай тасымалдау көлемі 7,6%-ға өсіп, 80 359 мың тоннаны құрады
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы 2023 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялады.
"Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында біз мұнайды Баку бағытында және әрі қарай "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбырымен тасымалдай бастадық. Бұл құбыр арқылы 2023 жылы шамамен 1 млн тонна жөнелтілді", - деп атап өтті компанияның басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
Оның айтуынша, маршруттарды әртараптандыру аясында "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы және әрі қарай "Транснефть" құбырлары арқылы Германияға мұнай тасымалдана бастаған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Германияға шамамен 1 млн тонна мұнай жеткізілді.
Теңіз кен орнында мұнай өндіру өндіру көлемі 1,0%-ға төмендеп, 5 779 мың тоннаны (тәулігіне 126 мың барр.) құрады.
Қашағанда ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай өндіру көлемі 121,8%-ға өсім көрсетіп, 3 108 мың тоннаға (тәулігіне 68 мың барр.) жетті. Газ өндіру көрсеткіші 1 963 млн м3 болып, 123,8%-ға ұлғайды.
Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру 7,1%-ға артып, 1 086 мың тоннаға (тәулігіне 23 мың барр.) жетті. Газ өндіру 15,1%-ға артып, 2 239 млн м3 құрады.
2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы басты өндірістік көрсеткіштер:
ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 3,7%-ға артып, 733 млн тонна м.э. құрады;
мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6,9%-ға өсіп, 23 532 мың тоннаға жетті;
мұнай тасымалдау көлемі 7,6%-ға артып, 80 359 мың тоннаға жетті;
Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 19 900 мың тоннамен салыстырғанда 19 593 мың тонна болды.