Қазақстанда мотор майлары таңбаланады

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуЕр адам қозғалтқыш майының деңгейін тексеріп жатыр
Ер адам қозғалтқыш майының деңгейін тексеріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жазылу
Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – мотор майлары нарығында адал бәсекелестік жасау, ЕАЭО-дағы кедергілерді жою
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстанда мотор майларын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Мотор майларын цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба биыл 1 ақпаннан басталды. Іске асыру мерзімі – 1 жыл. Пилоттық жобаға нарықтың барлық қатысушысын – өндірушілер мен импорттаушылардан бастап көтерме-бөлшек сауда сегментіндегі компанияларды қосу жоспарланған.
"Пилоттық жобаның негізгі мақсаты - мотор майлары нарығында адал бәсекелестік жасау. Тұтынушыларға мотор майларының шығу тегі туралы ақпарат беріп, сенімін арттыру. Сондай-ақ өнім айналымын бақылау және контрафактілік өніммен күресуді көздейді. Тағы бір мақсаты – ЕАЭО-дағы трансшекаралық сауда шеңберіндегі кедергілерді жою", - дейді ведомство.
Мотор майларын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жоба өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі аралықта өнімді сәйкестендіру және қадағалау үшін пайдаланылатын арнайы таңбалау кодтарын енгізу. Бұл тәсіл бақылау орнатуға және мотор майларының сапасы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоба былтыр желтоқсанда бірыңғай оператор Павлодар, Семей және Шымкенттегі үш ірі отандық май өндірушінің өндірістік алаңдарында зерттелді.
Жаңалықтар
0