https://sputnik.kz/20240227/qauipsizdik-kenesinin-otyrysynda-ulttyq-muddeni-qorgauga-bagyttalgan-sheshim-qabyldandy-42539718.html
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұлттық мүддені қорғауға бағытталған шешімдер қабылданды
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұлттық мүддені қорғауға бағытталған шешімдер қабылданды
Sputnik Қазақстан
Президент мемлекеттің қауіпсіздігі әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті 27.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-27T15:46+0500
2024-02-27T15:46+0500
2024-02-27T15:47+0500
ұлттық қауіпсіздік
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/02/1b/42538741_67:0:3708:2048_1920x0_80_0_0_1c4c7a16e7f16280007b629ce5b549b2.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.Бұдан бөлек, премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді.Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті.Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/1b/42538741_522:0:3253:2048_1920x0_80_0_0_2adb6b19592e113160abc93f0fb48261.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік, қасым-жомарт тоқаев
ұлттық қауіпсіздік, қасым-жомарт тоқаев
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұлттық мүддені қорғауға бағытталған шешімдер қабылданды
15:46 27.02.2024 (жаңартылды: 15:47 27.02.2024) Президент мемлекеттің қауіпсіздігі әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
"Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.
Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті.
Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.