Павлодарда құрылысы бес жылға созылған тұрғын үйлер пайдалануға берілді

© Sputnik/Ертай СарбасовСтроительство в Алматы
Строительство в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жазылу
Былтыр антикор мамандары Павлодар облысы бойынша құрылысы ұзаққа созылған 10 нысанды бақылауына алған
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Әуежай қалашығы ауданындағы бұл нысандар антикордың бақылауына алынған. Құрылысына бюджеттен 755 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды антикор.

"Павлодар қаласында 5 жылдық "тарихы" бар құрылыс нысаны пайдалануға берілді. Бұл әуежай қалашығындағы "2 және 4 типті" авиақаладағы бір пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы. Олардың құрылысына бюджеттен шамамен 755 млн теңге бөлінді. Бүгінде антикор қызметінің бақылауында 3 нысан қалып отыр. Олар - Ақсу қаласындағы жылыту қазандығы мен 9 қабатты тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ Баянауыл ауданы Жұмат Шанин ауылындағы су құбыры жобасы. Аталған жобалар аяқталу сатысында", - деп мәлімдеді антикор қызметінен.

Былтыр антикор мамандары Павлодар облысы бойынша құрылысы ұзаққа созылған 10 нысанды бақылауына алған. Олардың 7-еуі бүгінде аяқталды.
Жаңалықтар
0