Кейбір мамандықтар бойынша қашықтан оқытуға тыйым салынады

© Photo : СС0 / ArtisticOperationsАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жазылу
Бұдан былай педагогикалық және медициналық мамандықтарға қашықтан білім алуға рұқсат етілмейді
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстандағы жоғары оқу орындарында кейбір мамандықтар бойынша қашықтан оқытуға тыйым салынады. Ғылым және жоғары білім министрлігі арнайы бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2015 жылы министрдің "Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы шыққан. Соған өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.
"Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника мен технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиялары, әскери іс, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау кезінде пәндердің жалпы санын қашықтан оқытуға 20 пайыздан аспайтын көлемде ауыстыруға болады.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы заңының 37-2-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ЖЖОКБҰ-да педагогикалық ғылымдар және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау үшін қашықтан оқытуға жол берілмейді", - делінген бұйрық жобасында.
Осылайша, бұдан былай педагогикалық және медициналық мамандықтарға қашықтан білім алуға тыйым салынады. Ал кадрларды даярлаудың басқа бағыттары бойынша оқытудың барлық кезеңінде пәндердің жалпы санынан 50 аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға рұқсат беріледі.
Жаңалықтар
0