https://sputnik.kz/20240227/biyl-auyldarda-556-meditsinalyq-nysan-paydalanuga-berilui-kerek--ministr-42538227.html
Биыл ауылдарда 556 медициналық нысан пайдалануға берілуі керек – министр
Биыл ауылдарда 556 медициналық нысан пайдалануға берілуі керек – министр
Sputnik Қазақстан
239 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, қалған 317 жоба сараптамадан өтіп жатыр 27.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-27T14:57+0500
2024-02-27T14:57+0500
2024-02-27T14:58+0500
медицина
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37214298_0:0:3246:1827_1920x0_80_0_0_08d84b0c9a98c63186e94eaf8cc9a8c3.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 2024 жылы 556 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, ұлттық жоба аясында барлығы 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланып отыр. Оның ішінде былтыр 92 нысанның құрылысы аяқталды, 7 жоба белгіленген мерзімнен кеш тапсырылады.Айтуынша, бүгінгі таңда әкімдіктер конкурстар өткізіп, нысандардың құрылысына 109 шарт жасалды, оның ішінде 99 нысанға жергілікті атқарушы органдардың (10%) қоса қаржыландыруы көзделген. Бұл ретте республикалық бюджеттен 58 нысан қаржыландырумен қамтамасыз етілген."Жалпы, 2024 жылға арналған қосымша қаржыландыру қажеттілігі 498 нысанын салуға 99,6 млрд теңгені құрайды", - деді министр.Биыл медициналық объектілердің құрылысын аяқтаудың жоспарланған мерзімдері:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37214298_247:0:2978:2048_1920x0_80_0_0_8fb6cf085f44360489edb417e3e392ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина
Биыл ауылдарда 556 медициналық нысан пайдалануға берілуі керек – министр
14:57 27.02.2024 (жаңартылды: 14:58 27.02.2024) 239 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, қалған 317 жоба сараптамадан өтіп жатыр
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 2024 жылы 556 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, ұлттық жоба аясында барлығы 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланып отыр. Оның ішінде былтыр 92 нысанның құрылысы аяқталды, 7 жоба белгіленген мерзімнен кеш тапсырылады.
"2024 жылы 556 нысанды пайдалануға беру қажет. Бүгінгі таңда 239 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, ал 317 жоба сараптамадан өтіп жатыр. Қорытынды алудың күтілетін мерзімі – осы жылдың сәуірі", - деді Әлназарова үкімет отырысында.
Айтуынша, бүгінгі таңда әкімдіктер конкурстар өткізіп, нысандардың құрылысына 109 шарт жасалды, оның ішінде 99 нысанға жергілікті атқарушы органдардың (10%) қоса қаржыландыруы көзделген. Бұл ретте республикалық бюджеттен 58 нысан қаржыландырумен қамтамасыз етілген.
"Жалпы, 2024 жылға арналған қосымша қаржыландыру қажеттілігі 498 нысанын салуға 99,6 млрд теңгені құрайды", - деді министр.
Биыл медициналық объектілердің құрылысын аяқтаудың жоспарланған мерзімдері:
7 нысанды – маусым (2023 жылғы нысандар),
120 нысанды желтоқсан айында беру көзделіп отыр.