Атырауда құбырдан бензин атқылады – видео

© Photo : АО "КазМунайГаз - переработка и маркетинг"Шымкентский нефтеперерабатывающий завод
Шымкентский нефтеперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жазылу
Атырау мұнай өңдеу зауыты желіде тараған ақпаратты растады
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытында тесілген құбырдан бензин атқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан АқЖайық порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Құбырлардың арасынан сұйықтықтың атқылап жатқаны анық көрініп тұр.
Атырау мұнай өңдеу зауыты желіде тараған ақпаратты растады. Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай 26 ақпанда кешкі сағат 18:30-де болды. Бутендерді олигомеризациялау қондырғысында бензинді айдайтын коллектордан ақаулық шығып, бензин сыртқы ағып кетті.
"Оны жылдам сыртқа шығару үшін құбырға қатты қысыммен су жіберілді. Қазіргі кезде ақаулықты жою бойынша шұғыл шаралар қолға алынды. Барлық технологиялық қондырғы штаттық режимде істеп тұр. Мұнай өнімдерін өндіру мен жөнелту жұмыстары жоспар бойынша атқарылып жатыр", - дейді зауыт мамандары.
Әзірше қанша бензиннің сыртқа төгілгені белгісіз. Прокурорлар мен экологтар тексерісті бастады.
Жаңалықтар
0