Астанада жастарға арналған 20-дан аса денсаулық орталығы жұмыс істейді

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столицы
Виды столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Астанада қазіргі уақытта жастарға арналған 24 денсаулық орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жастарға арналған денсаулық орталығы (ЖДО) – жасөспірімдер мен жастарға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін орталық. Елордада мұндай орталықтар 2021 жылдан бастап дербес жұмыс істеп келеді.
2023 жылы қала бойынша ЖДО саны едәуір өсті, бұл өз кезегінде жастар мен жасөспірімдер үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға әкелді.
Мәселен, егер 2022 жылы ЖДО мамандарына 52 мыңнан астам адам жүгінсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2,2 есеге – шамамен 116 мың адамға дейін артты.
Жаңалықтар
0